Сабақтың тақырыбы : Сөз басы Сабақтың мақсаты



бет61/90
Дата26.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496542
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
7-адебиет Сабақ жоспарлары

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7




Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту;
ә) оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтыру;
б) адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге ,оны қорғауға баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, ,ой қозғау, салыстыра баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қасиетті қазақтың даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелген. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Ә.Тәжібаев ағамыздың өміріне , «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.
1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.
2. Электронды оқулықпен жұмыс.
Ә.Тәжібаев туралы мәлімет. «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Балалар,өлең ұнады ма,не жайында екен?
Картадан «Сырдария» өзенін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.
3.Кітаппен жұмыс. (сөздікпен жұмыс)
Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады)
1. Гейне-неміс ақыны 2. Рейн –Германиядағы өзен
3. Тарас-Украин ақыны 4. Днепр-Украинадағы өзен
5. Пушкин-орыс ақыны 6. Еділ-өзен
Қане,балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет