ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Тортай қандай бала?
Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?
Тортай неге арманына жете алмады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин үлкен қайшылықты кезеңде өмірін өткізді. Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуір ашты, орыстың әдеби тілін жасады,жаңа әдебиеттің төр ағасы болды.
«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды
Дәптермен жұмыс: Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.
4 4 4
Ескерткіш //орнаттым мен //қолдан келмес, 1 шумақ , 4 тармақ ,
Ел ізі// оған салған //суый білмес,
Асқақтап //Александр //мұнарасынан 12 бунақ , 12 буынды
Жоғары //оқшау шығып, //тұрар дербес
Венн диаграммасы: Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.
«Ескерткіш» «Өзім туралы»
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Шандор Петефи «Ұлт өлеңі»
Сабақтың мақсаты:
а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б
Достарыңызбен бөлісу: |