Сабақтың тақырыбы : Сөз басы Сабақтың мақсаты



бет46/90
Дата26.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496542
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
7-адебиет Сабақ жоспарлары

Сабақтың түрі: сот сабақ
Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, айтыс,дәлелдеу т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, бүктеме,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар
Пәнаралық байланыс: тарих,жануартану
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1 Көксерек Қарадыр аулында.
2.Көксерек-түз тағысы
3. Жекпе жек.
«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ. .
Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келеді» -бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет