Сабақтың тақырыбы: 1917жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезі және Алашорда үкіметінің құрылуы



бет1/3
Дата21.02.2024
өлшемі48.1 Kb.
#492766
түріСабақ
  1   2   3
1917жылы 5-13 желтоқсанда


Білім беру ұйымының атауы

№80 ІТ мектеп-лицейі

Пәні:

Алаш идеясы және Алаш қозғалысы

Педагогтің аты-жөні:

Қалтаева Г

Күні:

09.02.2024ж

Сынып: 8 ә,е,ж,з,у

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1917жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезі және Алашорда үкіметінің құрылуы

Сабақтың мақсаты

1917жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде қаралған мәселелерді талдайды
Алашорда үкіметінің құрылуының негізгі мақсатын айқындайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттарымен оқушыларға
таныстырылады.
«Ой қозғау»
➧ 1. Суретте кімдер бейнеленген?
➧ 2. Бүгінгі тақырыбымызға қандай
қатысы бар деп ойлайсыңдар?
 

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ Мадақ
тау

Таратпа суреттер

Тақырып
тық суреттер





Жаңа білім



1917жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезі ұйымдастырудың себебін түсіндіру құрамындағы комиссия мүшелерін атап беру:


Себеп : Русия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен күнге халықтың күйі нашарлауын және бұл бүліншілік біздің қырғыз-қазақтардың басына да келуін мүмкін деп ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін үкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады:
Комиссия мүшелері: Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы,Е.Омарұлы,С.Досжановтөрағасы: Құлманов


І тапсырма


Съезде қаралған мәселелерді талдау :1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын…
3) Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі -— суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын…
5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бүкіл мекемеде санына қарай орын алады…
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды.
Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы.
Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады…


 ІІ тапсырма
қаралған мәселелердің салдары мен нәтижесі: :
 ➛милиция жасақтау туралы қаулы қабылдаудың мақсаты :
(Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін) .
 ➛ Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталастың нәтижесі:
Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялансын!» дейді. Артынан екі жақ ымыраға келіп, біраз шартпен автономияны жариялау Алаш Орда үкіметіне жүктеледі.
 ➛ Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Съезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Съездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
 ІІІ тапсырма
 Маңыздылық
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық
  
 Қорытынды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет