«Ойлан жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтарға бірігіп суреттегі тізбекті құрастырады. Сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын сақтауды есте ұстайды.
Тапсырма №2
Жұмыстың мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күшін, кернеуді, кедергіні өлшеу.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, сымдар, реостат, резистор, амперметр, вольтметр, кілт.
Жұмыс барысы:
1)амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын анықтаңдар;
2) сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (1-сурет); 1-сурет
3) тізбекті тұйықтаңдар;
4) реостаттың үш қалыптағы нәтижелерін есептеңдер.
5) Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар:
6) Ом заңын пайдаланып резистордың кедергісін есептеңдер;
7) есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер;
8) Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
9) Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызып, қорытынды жасаңдар
«Сызбалар сыры» әдісі (жұптық жұмыс)
Тапсырма№3
Графикті зерттеп, кооордина осьтеріндегі шамалардың өзара тәуелділігін анықтаңдар.
Ток күшінің кернеуге тәуелді болуының себептерін сипатттаңдар.
Кедергісі ең үлкен өткізгішті анықтаңдар.
Кедергілерді салыстырып, кедергінің үлкен және кіші болуы себептерін атаңдар.
|
Оқушылар топпен берілген эксперименттік тапсырманы жасай отырып сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұппен берілген графиктіктік тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.
|
Дескриптор:
1.амперметр мен вольтметр шкалаларын зерделейді.
2.құралдардың бөлік құнын анықтайды.
3. сұлба бойынша электр тізбегін құрастырады.
4. тізбекті тұйықтап, тізбектегі токтың жүруін бақылайды.
5.реостаттың параметрін өзгертіп, тізбектегі құралдардың көрсетулерін кестеге жазады.
6. Ом заңын пайдаланып резистордың кедергісін анықтайды.
6.Резистордағы кедергінің өзгеріне байланысты тізбектегі ток күшінің өзгерісін сипаттайды.
6.Зерттеу нәтижелеріне қорытынды жасайды.
Жауаптарға сәйкес мадақтау,ынталандыру сөздерімен мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді.
Топтар бірін бірі
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
Дескриптор:
1.Ток күші мен кернеудің тәуелділігін ажыратады.
2. Ток күшінің кернеуге тәуелді болуының себептерін атайды.
3. Графикте берілген шамлардың сан мәндерін анықтайды.
4. Кедергілердің шамасын анықтайды.
5.Үлкен кедергіні атайды, үлкен болуы себебін түсіндіреді.
|
Эксперименттік тапсырма жабдықтары
|