Сабақтың тақырыбы №5-сабақ. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы



бет1/2
Дата08.02.2023
өлшемі71.55 Kb.
#469280
түріСабақ
  1   2
5-сабақ. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы (2)


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп: Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш»
мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шыныбекова Айман Сахановна

6-сынып Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

№5-сабақ. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж3. Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау
А/И2. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан
сипаттайды;
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз






Оқушыларды сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша кейіпкерлердің типтерін анықтап жазу
(Берілген үзіндіден кейіпкерлердің әрекеттерін ескере отырып, оларды сипаттап жазу)

  1. ...Аянды ортаға алып, енді жайғасып отыра бергенімізде, есік ашылып, сыртқа Бапайдың кемпірі шықты да:

  • Үйбай, бетім-ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой. Аулақ жүріңдер әрі, өй, өңшең топырлаған немелер! Онысы несі-ай, тап терезенің түбіне кеп үймелегендері! –деп қуып жіберді....

  1. .... – Тырнағың қайсы-ей, мысық?-деп Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп, ұшып түсті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Біраз жүргеннен кейін Есікбай оның басынан түйе тоқай ала бастады. Жылап жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті.

  2. ...Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті, келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай: -Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен? Шіркін, ағама хат жазар едім, - деп күңкілдейтін.

  3. ... Қазір сол Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан керзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып, анадай жерге түскен. Тұржан енді қолындағы қамшымен тулақты сабағандай көміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай келіп. Бас демей, көз демей былшылдатып тебе берді. Әуелде құлындаған даусы шығып, шырқырап «ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Керзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді. ...


«Қос жазба күнделігі» әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет