Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті. Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.05.2024
өлшемі186.63 Kb.
#500789
түріСабақ
1   2   3
Ахметова Б.Б. 1

«Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. Абай бұл өлеңге тегін назар аудармаған. 
«Еврей сазынан» Абай ұлттық езушіліктің зардабын тартқан жазықсыз адамдардың 
қайғы-шерін, азап-азасын естіді. Бұл өлеңнің өзегі болған езілген халыққа деген ықылас - 
ілтифат, гуманизм идеялары, қиындық кезде сол езілген халықпен бірге ауыр жүк 
көтерісер сөз бен саздың күші мен құдіретін сүюшілік қазақ ақынына да қатты әсер етпей 
қалмады. Өз халқының да отарлық ұлттық езушілік зардабын тартқан мүшкілхаліне қанық 
қазақ ақыны Байронның – «Көңілім менің қараңғы» өлеңін аударғанда түпнұсқаның 
негізгі мазмұны мен бағытын дәл сақтап, қазақ өлең өлшемдері ерекшеліктеріне 
сәйкестендіріп, еркін сілтеген. Түпнұсқадағы кейбір сөз, мысалы, «алтын арфа» қазақ 
оқушылары мен тыңдаушыларына түсінікті «алтын домбыра» деген сөзбен ауыстырылған. 
Алтын домбыраны шертіп тартушы ақын Абай аудармасында өмірінде көп азап шеккен, 
бірақ, көңілі жарқын үмітке, бойы қайратқа толы, ұмтылыс-серпіліске, батыл қимылға, 
күреске бейім жан болып бейнеленеді. «Қатып қалған кезімде бір там жас» - адам 
азабының, сорының ауырлығын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адам бойындағы 
сарқылмас күш, мұқалмас жігер, айбарлы ашу айбатының да елесі іспетті. Өзінің көрген 
азабын езілген халық тек ақынына ғана сеніп айта алған, ақыны ғана оның жоқшысы, 
өкілі бола білген.
Байрон өлеңіңінегі бұл өмір шындығы алыстағы сахара елінің өмір жайына да жақын, 
таныс-ты. Сондықтан да Байронның «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын» өлеңі Абай 
аудармасында қазақтың өз төл өлеңіндей түсінікті болып, ел арасына кең тарады.
Қазақтарды Батыс Европа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол 
шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет 
атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке 
айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он 
жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен 
ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия 
тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. 
әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың 
рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың 
ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы 
зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта 
шығарма жазуы, Батыс Европа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз 
әдеби туындыларды ауызша елге таратуы –қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, 
маңызы зор тың бастама болды. Бүл жаңалық қазақтың ұлттық әдебиетінің тар шеңберден 
шығып, бүкіл адамзаттың көркемдік даму құбылыстарымен байланыста дамуына жол 
ашты. Абай сол жолда өз халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем 
әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет