Оқушылар орындай алады: Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтайды Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғибрәтлі- үлгілі
нәфрәтлі- жиренішті
Диалог құру, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Бес асыл іс , бес дұшпан, жамандықтан жирену, жақсылыққа үйрену
Талқылауға арналған сұрақтар: Абай «Абай ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай өсиет айтады?
Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек?
Құндылықтарға баулу
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Ата-бабаларымыздың ұлы істерін сақтауға, тәрбиелігі мол мұрадан гибрат алуға баулу.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, тапсырмалармаға арналған кесте, презентация.
Алдыңғы білім
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
А (Абай) – 1 топ
В (5 асыл іс) – 2 топ
С (5 қашық іс) – 3 топ
Үй тапсырмасын «Жедел хат» әдісіарқылы бекіту. Әр топ келесі бір топқа үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазып, хаттың ішіне салып , хатшыдан беріп жібереді. Әр топ келген хаттың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларға әртүрлі суреттер көрсетіледі. Суретте не бейнеленіп тұрғанын оқушылар айтуы арқылы , жаңа тақырыптың атауын табады.
Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі туралы шағын бейнеролик көру (ютуб желісін пайдалану). Көрген бейнеролик арқылы «Ішіне – сыртыны» әдісін пайдалана отырып, Абай ақын айтқан бес асыл іс қандай? Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек екенін ажыратып,Абай талдаған жақсы қасиеттерді ішіне, жаман қасиеттерді сыртына толтырады.