Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»



бет2/4
Дата17.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492214
түріСабақ
1   2   3   4
2-сабақ. Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Өлеңнің жазылу тарихы
Сөз сырын ұғыңыз.

Тілі орамды

түсінікті, шебер жазылған, қисынды ой

Тасыр

мінездің бір түрі, тасыр мінез, ұр да жық мінез

Қырын келмей

теріс ойламай,

Құлағың тосаңсиды

(тосаңсу - құрғау) құлық құрышының қанбауы

"Әзірет Әлі", "айдаһарсыз"

зілсіз деген мағынада

"алтын иек, сары - ала қыз"

қызықтыратын дүниелер

Әсіре қызыл емес

шешен, көркем емес мағынасында

Жиренбеңіз

қашпаңыз мағынасында

1-тапсырма. «Түсіндірме күнделік» әдісі бойынша кестені толтырыңыз.

Өлең үзіндісі

Ақындық тұлғасы, немесе суреткерлік
шеберлігін тану

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Өзіңді тексер! .

Өлең үзіндісі

Ақындық тұлғасы, немесе суреткерлік
шеберлігін тану

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Абай шәкірті Көкбайдың ақындар сарынымен шығыстық діни қисса-дастан жазуға тым әуестігін сыңға алған

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Шәкірті Әріп Тәңірбергенұлының «Зияда – Шамұрат» деген дастанындағы сұлу қызды тым әсіре суреттеуін сынға алады.

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Шәкірті Шәкәрім Құдайбергенұлының кәрілікті жағымсыз етіп суреттегенін сыңға алады.

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Ақын өз шәкірттеріне ақыл-кеңесін, тікелей тәрбиесін берген.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды. Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Батырдан барымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет