Сабақтың тақырыбы: Қабылдау және оның түрлері Сабақтың мақсаты


Білімді жан-жақты тексеру



бет2/3
Дата23.06.2023
өлшемі25.41 Kb.
#475333
түріСабақ
1   2   3
№23 лекция (2)

3.Білімді жан-жақты тексеру.
Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.
А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.
Қабылдау және оның түрлері
Жоспар:

  1. Қабылдауға сипаттама.

  2. Қабылдау түрлері.

  3. Қабылдау ерекшеліктері.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де, миымызда түтас зат бейнесі пайда болады.


Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нөтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мүны И. П. Павлов қатынасрефлексі деп атаған. Мәселен, анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау — түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны екі анализатордың (, есту) өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
А) Қабылдаудың тутастыгы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжі-рибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөлік-тері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз бүларды түтас зат форма-сында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің басталуын қүлағымыз шалса, осы әннің мазмүнын түтас-тай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде кабылдамайды. Мүны үш бүрыштың түтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, түтас нәрсенің бейнесін қүрайды.
Ә) Қабылдаудың магыналылыгы
Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі — тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралаптану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегенімізталғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Б) Қабылдаудың таңдамалылыгы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың тацдамалылыгыделінеді. Мөселен, кітап оқығанда ондағы бірер соз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше коңіл болінетіндіктен, мұндай қателер козге түспей қалады. Ал жеке создерге, жеке өріптерге шүқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде істепжатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын, қажетімізге жарайтын нәрселер болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалылыгы әр түрлі объективтік (объктілердің ерекшеліктеріне — күші, қозгалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық коңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.
Мүғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сүраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше үнайды. Бүған ол аса зейін қояды. Сонда мүғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жонді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын корініп түрған нәрсе (жогарыдагы мысалда баланың сабақты жақсы айтуы) фигура делінеді де, қалғандары (осы сүрақка жондеп жауап бере алмаган оқушылар) соның фоны болады. Сойтіп, аса зейін қойған зат ор кезде фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда өркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар аударса, мүражай қызметкері бірден вазаны көреді.
В) Қабылдаудың турақтылыгы (константтылыгы)
Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф баларының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі інен көмір: бірде қара, бірде сүрғылт болып қабылданады. Мүның бәрі анализаторында түрліше бейнеленеді. Осы заңдылық түрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен төжірибесіне де байланысты. Бейнені түрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция — сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрге енгізеді.
Г) Қабылдаудагы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет