Сабақтың тақырыбы: Ацетил-КоА-ның пайда болуы Сабақтың жоспары



бет5/5
Дата26.10.2022
өлшемі0.84 Mb.
#463399
түріСабақ
1   2   3   4   5
5-6 ЗПС.

фруктозо-6-фосфат пен 3-фосфоглицерин альдегиді түзіледі.
  • Осы екінші кезеңнің жалпы теңдеуін жазсақ:
  • Майлы қышқылдар мен стероидты құрылымдардың белсенді синтезі жоқ қаңқа бұлшықеттерінде пентозофосфат жолы арқылы глюкоза-6-фосфаттың тікелей синтезі болмайды. Бұл ұлпада барлық катаболикалық процестер гликолиз және үш карбон қышқылының циклі арқылы жүзеге асады. Басқа ұлпаларда, мысалы, бауырда, май ұлпасында пентозофосфат жолы жүреді және гликолиз бен пентозофосфат жолының арасындағы тепе-теңдік гепатоциттердің метаболикалық қажеттіліктеріне байланысты. Пентозофосфат жолының ферменттері цитозолда локализацияланған, онда тотықсыздану реакциялары үшін НАДФH болуына байланысты май қышқылдарының синтезі жүреді.
  • Сонымен, НАДФН·Н+ көп қажет болғанда НАДФН·Н+-пен қатар түзілетін рибозо-5-фосфат, гликолиздің аралық заттары фруктозо 6-фосфат пен глицеральдегид-3-фосфатқа айналады. Жасушадағы глюкоза-6-фосфаттың тағдыры НАДФН·Н+-тың, рибозо-5-фосфаттың, АТФ-тың қажеттілігіне тəуелді болады. Бұл əртүрлі жағдайда болуы мүмкін.
  • I жағдай: Жасушада рибозо-5-фосфаттың қажеттілігі НАДФН·Н+-тың қажеттілігіне қарағанда, əлдеқайда басым. Мұндай жағдайда глюкоза-6-фосфаттың біраз мөлшері гликолиз жолымен фруктозо-6-фосфатқа жəне глицеральдегид-3-фосфатқа айналады. Сонан соң фруктозо-6-фосфаттың 2 молекуласымен глицеральдегид-3-фосфаттың бір молекуласы трансальдолаза жəне транскетолаза ферменттерінің қатысуымен рибозо-5-фосфаттың үш молекуласын түзеді.
  • ІІ жағдай: НАДФН·Н+ пен рибозо-5-фосфаттың жасушада қажеттілігі бірдей болуы мүмкін. Бұл кезде глюкоза-6-фосфаттың бір молекуласынан рибозо-5-фосфаттың бір молекуласы жəне НАДФН·Н+ екі молекуласы түзілетін глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауының бірінші кезеңі басымырақ жүреді.
  • ІІІ жағдай: НАДФН·Н+-тың жасушаға қажеттілігі рибозо-5-фосфатқа қарағанда əлдеқайда басым. Бұл жағдайда үш түрлі реакцияның белсенділігі байқалады.
  • - Пентозофосфаттық жолдың бірінші тотығу кезеңі, бұл кезеңде екі НАДФН·Н+ жəне бір рибозо -5-фосфат түзіледі.
  • - Рибозо-5-фосфаттың фруктозо-6-фосфат пен глицеральдегид-3-фосфатқа айналдыратын транскетолазалық жəне трансальдолазалық реакциялар.
  • - Фруктозо-6-фосфатпен глицеральдегид-3-фосфаттың глюкоза-6-фосфатқа айналуын жүргізетін реакциялар.
  • Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы кезінде басқа синтездік реакцияларға қажетті НАДФН·Н+ жəне рибозо-5-фосфат сияқты заттар түзіліп, бұл процестің екі жақты, яғни амфиболиттік рөлін байқатады.
  • 1. Осы жолмен түзілген кейбір заттардың гликолизге қатысу нəтижесінде энергия түзіліп, бұл жолдың энергетикалық рөлін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет