Сабақтың тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. №1-сабақ. Бөлім


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет25/52
Дата30.03.2023
өлшемі7.38 Mb.
#471353
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Биология 9кл- 4 тоқсан- ҚМЖ-1 (1)

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатырға түсуін түсіндіріп береді.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Тапсырманы түсіндіреді;
-Сұрақтарға жауап береді.



Оқулық,


жұмыс дәптері
ДК




2-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Туғанға дейін адам өмірі қандай кезеңдерге бөлінетінін сызба түрінде бейнелейді.

2. Болашақ ана ағзасының ұрықтануға дейінгі сәтінен имплантация сәтіне дейінгі қалыптасу үрдісін талдайды. Бұл кезде қандай маңызды оқиғалар жүреді.





Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-тапсырмаларды орындайды;
-Сызба сызады.

Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК




3-тапсырма.
Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Ұрықтанудан кейін ана және шарананың ағзасында тууға дейін жүретін үдерістерге жалпы сипаттама береді.

2. Эмбрион мен шарана арасындағы айырмашылықты атайды.


3. Суретке қарап ұрықтың даму кезеңдерін сипаттап береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет