Педагогтің аты-жөні
|
Есениязова С.О.
|
Күні:
|
|
Тақырыбы
|
Спорт біздің досымыз.
|
Мақсаты
|
1. Салауатты өмір салтын насихаттау
2. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, күштіліктерін байқау.
|
Жоспар
|
Кезең
уақыты
|
Жоспарланған ойын түрлері
|
Қатысушылардың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
|
Бой сергіту жаттығуларын қайталап,сайыс барысындағы қауіпсіздік ережелерімен танысу.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
Ұрпақ керек ертеңгі алда
Болашақты болжайтын
Жаны таза,тәні таза
Елін, жерін қорғайтын
Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі өткелі отырған «Спорт біздің досымыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Байжанова Р.А. сөз береміз.
Енді бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік.
1.Мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі: Абдықадыров Р.Қ.
2.Мектебіміздің медбикесі: Тілеумұрат Л.Т.
Ал олай болса алғашқы сайысымызды бастаймыз.
Алғашқы сайысымыз «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
2 - сайыс: «Кім жылдам»
Ойынның шарты: әр топтан 3-оқушыдан қатысады, шыққан әр қатысушы допты екі тізесінің арасына қысып мәре сызығын айналып секіріп қайту керек. Топтың барлық мүшелері межені айналып өтіп шығады.Кім жылдам қимылдаса сол жеңімпаз.
3-сайыс: «Кеңгуру»
Ойынның шарты: әр топтан шыққан бір-бір қатысушы үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып мәре сызығын айналып секіріп қайту қажет .Жарысқа барлық топтан 3-оқушыдан қатысады.
4-сайыс: «Таяқша эстафетасы»
Ойынның шарты: әр топтан 4-оқушыдан қатысады, қатысушылар сөреден бастап мәреге дейін таяқшамен жүгіріп барып таяқшаны қойып жүгіріп қайтады,қалған топ мүшелері осы шарт бойынша жалғастыруы керек.
|
Берілген сайыстың тапсырмаларына дайындалады.
|
Форма
тивті бағалау.
.
|
Доп, ысқырық,эстафета-лық таяқша-
лар.
|
Соңы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |