Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы



Дата29.06.2016
өлшемі340.72 Kb.
#165897
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сартерек ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 2010 жылдың атқарылған жұмыстары сараланып- ауыл халқы алдында аудан, ауыл әкімдері есеп беріп, кездесулер өткізген көпшілік жиындарда айтылған ұсыныс-пікірлердің 2010 жылға берілген аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сартерек ауылдық округінде ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасының орындалуы туралы мәдіметтердің қорытындылары мен алда тұрған міндеттерді басшылыққа ала отырып, жалпы округтегі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталайын:

Сартерек ауылдық округінің орталығы Сартерек ауылы, аудан орталығынан 29 км, облыс орталығынан 470 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі – 77512 га, Егіндігі-2500 га, шабындығы 6500 га, жайылымдығы – 68512 га. Жалпы халық саны: 2386 адам.

Әлеуметтік сала бойынша: 3 кітапхана, 2 спорт зал, 1 байланыс бөлімі, 1 почта, 1 учаскелік полиция, 1 клуб үйі , 2 орта, 1 бастауыш мектепте – 511оқушыға 73 мұғалім білім берсе ,1 жанұялық емханада, 3 фельдшерлік акушерлік пункте 2 жоғары білімді дәрігер, 9 орта буынды мейірбике халыққа қызмет етеді.

Ауылымыздың әлеуметтік экономикалық дамуын, мәдени,рухани өмірін нығайтуға бағытталған сан саладағы істеріңізге әрдайым сәттілік пен табыс тілеймін.

Әр шаңыраққа денсаулық,бақыт, береке –бірлік, ол ырыс әкелсін.

Тарих табалдырығын аттаған 2011 жыл қоян жылы өткен жылы орындалмаған жұмыстар орындалады деп ойлаймын.

2010 жыл еліміз үшін ерекше есте қалар жыл болды.

Қазақстан 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ-ның Саммиті болып өтті.

ЕҚЫҰ құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым болып табылады. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдың алдын алу және оны болдырмау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол сияқты қару-жараққа бақылау жасау, алдын алу дипломатиясы, сенім шаралар мен қауіпсіздікті нығайту, адам құқықтар, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Сондықтан біздің елдегі Саммитке дайындық барысы өте мұқият жүргізілді. Өйткені, ұйымға қатысушы елдердің бірде-бірі өзекті мәселелерді шешу үшін он бір жыл бойына бас қосқан жоқ, яғни ЕҚЫҰ саммиті өткізілген жоқ. Ал бұл уақыт аралығында әлемде қаншама өзгерістер болды. Жаңа заманға сай жаңа міндеттер туындады. Бірақ, он бір жылдан кейінгі үзілістен соң Саммит өткізу қажеттігін жариялау оңайға түспеді. Бұл үшін Елбасы бірнеше мәрте халықаралық кездесулер өткізді.

Ұйымның төрағалығын қолға алғанға дейін бірнеше жыл бойына Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ірі іс-шараларын өткізді. Мәселен, адам саудасына қарсы күрес, мәдениетарлық, дінаралық және этносаралық түсінік, сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының сессиясы ұйымдастырылды. Ал 2007 жылғы қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Мадридтегі кездесуінде Қазақстанның Ұйымға 2010 жылы төрағалық етуі туралы нақты шешім қабылданды.

2010 жылғы 2 желтоқсанда Астанада жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ-ның Саммиті жұмысын аяқтады.

Біздің еліміздің әрбір азаматы әлемдік қоғамдастық үшін де айрықша маңызды оқиға – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекттер және үкіметтер басшылары Саммитінің жұмысын ерекше мақтаныш және толқыған сезімімен бақылады.

Еуропаның географиялық шекарасынан мыңлаған шақырым қашықта жатқан Азия кеңістігіндегі Еуразия кіндігінде тұңғыш рет, жаңа мыңжылдықта бірінші рет өтізілген ЕҚЫҰ Саммитінде әлемдік тарихтың барысын және еуразия континетінің әрі қарай даму жолын айқындайтын қазіргі кезеңдегі жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Әлемдік өлшемдегі форумның Қазақстан тәуелсіздігінің және оның болашаққа ұмтылысының символы болып табылатын жас әрі керемет астанасы Астана қаласында өтуінің өзіндік маңызы бар.Саммиттің арқасында әлем «Астана Рухын» сезініп, оның көпэтносты және біртұтас халқын таныды.Біз барша әлемге бейбітшіл, өркениетті даму мен прогресс мұраттарына арқа сүйейтін ел ретінде белгіліміз.

Бірнеше күн бойы Астанаға ЕҚЫҰ кеңістігі елдері ғана емес, бүкіл әлем назарын тікті.Бұған Саммитке қатысушылардың құрамы дәлел бола алады, жиынға ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен әріптес елдердің 73 ресми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар,газеттер мен ақпарат агенттітері таратты.

Саммит қатысушыларының барлығы елімізге ең жоғары ұйымдастыру деңгейінде өткізілген кездесулер үшін ықыластарын білдірді.Бұл – біздің ұлы Отанымыздың сөзсіз жеңісі, өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің нәтижесі.


Халықтың демографиялық ахуалына тоқталсақ:

2010 2011ж айырмасы

Барлыгы 2365 2386 +21

Туған бала 40 48 +8

Қайтыс болғаны 15 16 +1

Шаңырақ көтерген отбасылар :9 11 +2

2011 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 428 отбасы, 510 жанұя , 2386 халық тұрса о.і. ораламандар 95 отбасы, 412 адам .

Ауыл экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылатындықтан егістікке жарамды пайдаланылмай отырған жерлерді аудан қорына өткізіп, ынта білдіріп отырған оралман ағайындарға барынша қолдау көрсету қажет. Егін шаруашылығы бойынша біздің округте қыста қар тоқтату шаралары, ылғал сақтау, тамшылатып суару технологиясы қолданылмайды. Жер тыңайтқыштармен тыңайтылмайды. Тұқымды да ауыстырып, жаңалап отыруды да қолға алған дұрыс. Ауыспалы егістікті қолға алу қажет.

Жазда егістікті мал таптайды. Бұл өзіміздің кемшілігіміз. Неге қолға ұстайтын сауын малды кезекке қосып, бойдақ малды , әсіресе жылқы малдарын жайлауға шығармасқа?

Биылғы жылы ауыл халқының малын жиып алып Нұрахымбек Қадыр, Шайза Қымбат, Мотай Бүрлен сияқты азаматтар малды жайлауға шығарды.



Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:

2009 ж– 144, 2010ж-164-шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде:

Мал шаруашылығы саласында- 14

Егін шаруашылығы саласында- 29

Шаппалық жермен айланысатын- 122

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін:

3-диірмен

3-май сығатын қондырғы

2-наубайхана бар.
Шағын жэне орта бизнес саласы бойынша:

8-сауда дүкені

4 -кәсіпкер мал дәрігері халыққа қызмет етеді.
Ауылшаруашлық дақылдарының өндірілуіне келсек: 2010 жылы «Еламан» шаруа қожалығы 16,2 тонна нан өндіріп 567 мың теңгенің өнімін өндірді.

«Нұрасыл» шаруа қожалығы 13,5 тонна нан пісіріп 473 мың теңгенің өнімін өндірді. Ауылда өтетін тойлардың,қайтыс болған адамдардың отбасыларының керекті тоқаш өнімдерін пісіріп халықтың ризашылығына бөленуде.

«Мұса» шаруа қожалығы 4 тонна май өндіріп, оны 200 теңгеден саудалап 560 мың теңгені құрады және шағын ұн тартатын диірменімен халыққа 10 т ұндарын тартып берді, сондай-ақ халықтың сұранысы бойынша бидайдан,арпадан жем тартып оны 900-1100 теңгеден сатылып отыр.

Сондай-ақ «Қабанбай» шаруа қожалығының жетекшісі биыл бір комбайн сатып алып, халыққа қызмет көрсетті.

Егін шаруашлығымен айналысқан жекелеген қожалықтарға тоқталсақ: «Дәулет» ,« Алға» , «Ақерке», «Жандос» , «Қабанбай» шаруа қожалықтары күткендегідей өнім алып отыр.
Егістік алқап: 2009 ж 2010 ж

Дәнді-дақыл 391 422 +32

Картоп 70 90 +20

Көкөніс 40 33 - 7

Бақша 10 - -10

Соя -


Майлы дақыл 772 402 -370

Жоңышқа 90 100 + 10



Барлығы : 1373 1047 -326

Дегенмен шаруа жетекшілері өз шығындарын өтеу мақсатында өкіметтен көктемде күнбағыс дақылының гектарына 2282 теңгеден субсидия төленсе, күзде егін жиналған соң көктемде субсидия төлеу тізіміне енгізілген ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге бір тонна күнбағыс дақылына 1500 теңгеден субсидия төленеді.

Басқы каналдардың барлығын упростың азаматтары экскаваторларымен тазалады арнадағы талдар тазартылды Қаройға дейін толық тазаланды. Ауылдың бақшалық суларын толық келтіру үшін өзеннің арналарын талдан тазарту керек. Осыған ауылдағы бар техникалармен ерте көктемде қолға алуымыз керек. Каналға су түспей тазарту керек, лагердің тұсына келгенде су сазға кіріп жайылып кетеді осының көзін ерте бастан табуымыз керек.

Мал басынын өсуі: 01.01.2011 ж

------------------------------------- 2009ж 2010 ж айырмасы

Ірі-қара 5283 5098 -185

о/ішінде

сиыры: 1982 1994 +12

қой-ешкі: 13187 13444 +157

жылқы 835 1303 +468

құстар: 2000 2010 +10

марал: 175 164 -11


ет: тонн. 961 1157 +196

сүт: 3495,6 3612,5 +116,9

жүн: 15,9 15,9

жұмыртқа мың дана 312,0 312,0

Негізгі кәсіптің бірі – мал шаруашылығы болғандықтан сапалы, мол өнім өндірудің тиімділігін пайдалану басты қажеттілік. Бұл бағытта атқарылып жатқан Бұқабай учаскесіндегі мал бордақылау алаңы өз жемісін көрсете білуде «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Е.Келгенбаевтың еңбегін ерекше атау орынды.

Былтырғы қыстан шығынға ұшыраған малдардың орнына мемлекеттен жеңілдікпен несие берілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Зайсан қаласына келген сапарында айтылғандай облысқа 350 миллион теңге бөлінгенін, оның 191 миллионы игерілгенін қажет болған жағдайда ауыл тұрғындарына төрт түлік мал алуға жағдай жасалатынын атап өтті. Мал шаруашлығымен айналысып жүрген азаматтарды атап өтсек: «Қарақұм» ш/қ жетекшісі Рамазанов Сағибек, «Айдос» ш/қ жетекшісі Уалиев Сайранбек, «Назерке» ш/қ жетекшісі Ахметжанова Алмагүл, «Караван» ш/қ жетекшісі Абышева Ш , «Айгерім» ш/қ жетекшісі Қабікенов Ермек , «Жақау» ш/қ жетекшісі Омарова Б т/басқа көптеген шаруа қожалықтары мал басын өсіріп отыр, дегенмен осы малды келешекте асылтұқымды малдармен көбейтуіміз керек. Оның салмағы,сапасы да жоғары болары сөзсіз. Қазіргі күн тәртібіндегі мәселе мал басын бірегейлендіру.

Елбасының Жарлығымен Қ/Р Үкіметінің 2009 жылғы 04.11 № 1754 қаулысы бойынша, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында әр ауылдық округте мал сою бекетін ашу тапсырылған. Арнайы мал сою бекетінің мал дәрігерінің рұхсатынсыз еш жерлерде мал сойылмайды. Біздің округте осы мәселе күні бүгінгіге шешімін таппай тұр. Келешекте осы 2011 жылы шешімін табады.
Әлеуметтік сала, халықтың тұрмыс жағдайы.
1 почта онда 2 адам жұмыс істейді.Ауылдағы зейнеткерлер мен ауыл халқына толық

кедергісіз қызмет көрсетуде.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған адамдар саны 23 адам, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 15.

Жасына байланысты

зейнетақы алатындар 190 адам

базалық зейнетақы 219 адам

теңестірілгендер 6 адам

мүгедектігіне мем. жәрдемақы 75 адам

асыраушысынан айрылғандар 39 адам

жасына байланысты мем. жәрдемақы 12 адам

Тыл ардагері 37 адам

1-11 топ мүгедектері 26 адам

111 топ мүгедегі 8 адам

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 5 бала

Көп балалы аналар 42 адам

1 жасқа дейінгі балалы аналар 40 адам


Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №930 Жарлығы бойынша «Алтын» және «Күміс» алқамен 68 адам наградталды.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік тыныс-тіршілігіне келсек,



Р/с

Елді мекен атауы

Жењіл автом.

Газ-53

Зил 130

Зил-131

трактор

Доңғалақты

Шипу

1

Сартерек

56

10

2

4

14

23

2

Көгедай

10

1

-

-

8

7

3

Шалқар

10

3

-

-

12

6

4

Жаңа-баз

5










2

3

5

Ақ-қойын

2







2










жиыны

83

14

2

6

36

39

Сартерек ауылдық округіне қарасты су құбырында 17 құдық жұмыс істейді,онда 3 адам жұмыспен қамтылған..

Көгедай ауылының тұрғыны 1-топ мүгедегі Утепов Серіктің үйінің сыртын ауыл әкімшілігінің жұмысшылары барып сылап,ағартып берді. Аудан әкімінен аз қаражатты әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға 15 тонна тегін көмір бөлініп, таратылып берілді.

Ауыл тұрғындарына 1075 тонна көмір тасылды . Көптеген ауыл тұрғындары өзеннің ішкі арнасын тазалап ағаш отын тасып алды. Жыл басында аудандық орман шаруашылығы мекемесінен рұхсат төлем арқылы ағаш отын алуға рұхсат берілді. Халықтың сұранысы бойынша тал туралы шешімін тауып, жылына 10 адамға кезекпен босатылуға рұқсат берілді.


Ауылдық округ бойынша қарттармен жұмыс істейтін бір маман жүктемесі 6 адамды қарап келеді, оның құрамында 1-ші,2-ші,3-топтағы мүгедектер бар. Әр отбасына аптасына үш күннен қызмет атқарады Көмі р түсіруге, ағаш отынын кесіп, бұтап беруге әкімшілікпен бірлесе отырып жұмыс жасайды, ай-сайын коммуналдық төлемақыларды төлейді., жылына бір рет дәрігерлік сараптамадан өткізеді, туыстарымен хат-хабар жасауды ұйымдастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін бір әлеуметтік маманнын жүктемесі 6 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. Аптасына үш рет әр балаға денсаулығына байланысты тіл дамыту, айналамен таныстыру, сауат ашу, еңбекке баулу, дене қозғалысын жетілдіру мақсатында қызмет атқарып келеді. Мектеппен, емханамен, ата-аналармен тығыз байланыста . Жылына екі рет өткізілетін облыстық деңгейдегі дәрігерлік сараптамадан өткізіп тұрады.


Балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмекке төмендегідей төлемдер төленді.

2009 жылы

АСП- 20- отбасы, 59 - адам - 1042,6

18-жас бала -128 отбасы, 298-бала – 2961,8

2010 жылы

АСП -25-отбасы 65 адам – 1097,9 тг ,

18-жас – 117 отбасы – 293 бала – 3338,8 тг
Баспасөзге жазылудан мектеп ұжымдарына, ауыл ақсақалдарына үлкен рахмет айтамын. Жекелеген тұрғындар өте нашар жазылады. Келешекте саясатқа да мән бергеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Рудный Алтай

дана

15

Егеменді Қазақстан

дана

80

Дидар

дана

110

Достық

дана

250

Каз.правда

дана

5

Дала мен қала

дана

15

Семей таңы

дана

15

Ертіс өңірі

дана

15

Алтай

дана

5

Айқын

дана

15

Баспасөзге берілген жоспар орындалды. Ауданымыздың айнасы «Достық» газетіне бір кісідей жазылайық, күні бүгінгіге жарты жылға 250 данаға жазылдық.
Салық жоспарының 2010 жылдық көрсеткіші барлық түрінен 100 пайызға орындалды.




Сартерек әкімі бойынша

Жоспар

мың


Нақты

мың


%

айырма

1

Мүлік салығы

34,0

34,0

100,0

-

2

Жер салығы

165,6

166,1

100,3

+0,5

3

Бір күнгі берілетін талон

52,0

52,0

100,0

-


















2010 жылы аудандық бюджеттен 30 мың теңге ақша бөлініп Сартерек,Көгедай,Шалқар ауылдары бойынша 65 қаңғыбас иттер атылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

Шаруа қожалықтары наурыздың 31 –не дейін декларация тапсыруымыз керек. Биыл өткен жылы қабылдаған Айдар деген азамат ешқандай құжатсыз қабылдайды.Тек ақшасын ғана апарасыздар. Немесе бір орынға жинап өткізуге болады.

Жалпы әскери міндеттілер –281,оның ішінде запастағы офицерлер -9, әскерге шақырылушылар-181. Күзгі дәрігерлік тексеруге -93 адам шақырылса, оның 60 адам комиссиядан өтіп, 6 азамат Қазақстанның әр аймағында әскери міндетін аброймен атқарып жүр. 1-студент Стамбул қаласында әскери академиясында ,14 -студент Алматы қаласында әскери институтында және 2-студент ұлттық қауіпсіздік институтында, 1-студент Алматы,1-студент-Қарағанды Ішкі-Істер Академиясында жиыны 17-студент білім алуда.

Бұлар біздің мақтанышымыз.

Білім, медицина, мәдениет, спорт саласы:

Мектептегі ыстық тамақпен қамту мақсатында барлық мектептерде дұрыс жолға қойылған. Күнделікті бақылауда. Келешекте мектептердің қосалқы шаруашылығының көлемін ұлғайту қажет.

Сарытерек орта мектебі бойынша 2008-2009 оқу жылында БҰТ-дан ортақ бал -79,1 % болса, 2009-2010 оқу жылында 83,4 % көрсетті. Когедай орта мектебі 2008-2009 оқу жылында 79,5 %, 2009-2010 оқу жылында 73,4 % көрсетті.

Бұл саладағы мектеп ұстатздарының қажырлы еңбегінің жемісі екендігі баршаға аян.

Ұстаздар қауымына осы тұғырларыңыздан таймай ,жоғарғы көрсеткіштерден түспеңіздер деген тілек айтамын.

Ауылдық округ бойынша 1- Сарытерек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы , 2 ФП және 1 көшпелі ФП болса, онда 2 жоғарғы білімді дәрігер, 3 фельдшер, 6 мейірбике, 3 кіші буынды қызметкер. 2 төсекті күндізгі емдеу бөлімі, физио кабинет, ЭКГ, зертхана бөлімі, 1 жедел жәрдем көлігі халықа қызмет атқарады.

Клуб үйінің жағдайын білесіздер жеке меншікке сатылып кеткен , биылғы жылы жобалық сметалық құжаттары жасалып, аудандық мәдениет үйіне берілді. Келешекте жөндеу жұмыстары басталмақ.

«Балапан» бағдарламасы бойынша ауылымызда бала бақша ашылып, ------ бала бала бақшаға қабылданып, -------- адам жұмыспен қамтылды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Абай көшесі жарықтандырылды, Сартерек ауылының кіреберісіне дейінгі 14 км жолды күрделі жөндеуден өткізілді, Абай,Шөкей, Бұланбай көшелерінің бойындағы су құбырларын жалғастырып қосымша 8 су құдығы орнатылды.

100 орындықты Сартерек ауылында бала-бақшаның ғимаратында клуб үйінде 1,75 штаттық кестеде 3 адам жұмыс істейді.Жаңа-жыл жасыл шырша мерекесінен бастап,8-22 наурыз,1- мамыр,1- маусым балалар күні,18- маусым дәрігерлер күні,30- тамыз Конститутция күні, 1-10 қарттар мен мүгедектер күні, 25-қазан Республика күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні жыл көлеміндегі өтетін даталы күндерді арнайы жоспар бойынша ауыл тұрғындарымен бірге бөлінген қаражат шегінде игі шаралар үнемі ұйыдастырылып тұрады. Жыл көлемінде ақылы қызмет көрсетуден 10000 теңге түсіріп аудандық мәдениет бөліміне өткізді. Бүгінгі көпшілік жиынға осы саланы басқаратын Қ.С.Биқадамовтың қатысуын пайдалана отырып,осы өткізген қаржының 50 пайызын өздеріне қайтарып берсе деген ұсынысым бар.


1 кітапхана 526 оқырман оның 107 мектеп оқушысы, жалпы қоры 6112 дана кітап қоры, жыл көлемінде 208 кітап аудандық кітапхана орталығынан берілді.0,5 штаттық кестемен 1 адам жұмыс істейді, 0,5 штаттық кестемен спорт және жастар ұйымының жетекшісі жұмыс істейді. Аудан аумағында өтетін спорттық жарыстың барлық түрлеріне ауыл жастарынан құрама командалар қатысады. Осыған тасымалдауға қаражат жоқтығынан кедергі болсада, белсенділікпен ұйымдастырып жұмысын атқарып келеді. 1 учаскелік полиция инспекторы, кабинеті бар, телефонмен қамтамасыз етілген, тұрғын үйі бар.

2010 жылдың 12 ай көлемінде 6 қылмыстық оқиға тіркелді.

- 1 адам 6 ай мерзімге әкімшілік қадағалауға алынды.

- Соттың шешімімен 6 айға 1 адам маскүнемдіктен емделуге жіберілді.

- ҚР ӘК –інің 336 бабына сәйкес 21 адам жауапқа тартылды.

-ҚР ӘК-нің 371 бабына сәйкес 3 адамға 1413 теңгеден айыппұл салынды.

ҚР ӘК-нің 377 бабына сәйкес 50 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 394 бабына сәйкес 13 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 369 бабына сәйкес 1 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 298 бабына сәйкес 2 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Ауылдық округ бойынша 1-дала өрті, Когедай ауылында 1-өрт тіркелген. Мұндай оқыс жағдайға абай болуымыз керек.Осындай дала өрттері шыққан кезде ол жер қай қожалықтікі екенін анықтауымыз керек. Малдың кезегін жаятын азаматтар өте сақ болуы керек. Ал өртке кісі жинап шығу деген өте қиын,ауыл тұрғындары шыға қоймайды. Оралман ағайындардың техникасымен өздерін алып барамыз. Біз барғанша аудан орталығынан өрт сөндіру,орман шаруашылығы мекемелерінен келіп өшіріп жатады. Келешекте осындай шаруаларға ұйымшылдық танытайық.

Қоғамдық ұйымдардың жұмысына келсек:

Халықтың діни имандылық бетбұрысына келсек,ауылда 7 адамнан алқа мүшесі бар.

Мешіт үйі халыққа қызмет етеді. Дегенмен бұл жұмысқа да халықтың көңілі толмайды. Күнделікті ашып отырмаса да жұма күні толық ашып отыру керек қой. Ораза айында халықтан пітір садақасын толық жинап алса,осы мешіттің ішкі-сыртқы ағымдағы жөндеуінен өтер еді ғой.Келшекке ұрпаққа тәрбиелік мәні бар орын иман тұрған жерде сауап тұрады деп дана халқымыз айтқандай, жастар иманды болса тәртіп те күшті болары даусыз.

Ақсақалдар алқасы 16 мүшеден тұрады.Өздерінің әкімшілікпен келісіп жасаған жоспары негізінде іс- шаралар атқарады. Өткен 2010 жылы 12 отырысы өткізліп, онда 5-де алқаның ішкі жұмысы туралы, 7-де әртүрлі мәселелер қаралып тақыланды. Онда Мешіттің жұмысы туралы, ауыл тұрғындарының мал жайылымы туралы, егінді күзету, баға тұрақтандыру, уч.инспектордың хаттамасы негізінде іс шаралар қаралды.Көктемгі егіс жұмыстары,шөп шабу науқаны техниканың өтем ақысын тұрақтандыру бағалары қаралып, бекітілді. Көше комитетінің жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлы атқарып,ауыл тазалығы,даталы күндерге дайындық жұмыстарын үнемі ұйымдастырып келеді. Атап айтқанда А.Сахариева, Г.Блашева, Ш.Наурызбаева, Ж.Жүкішова, Э.Ағажановаларды ерекше атауға болады, себебі Наурыз,жаңа-жыл мерекелерінде өте ұйымдастырушылық танытты.

Әйелдер Кенесінің жұмысы жандандырылып, келешекке жоспар жасаланып, әйелдер кеңесі мүшелері құрылды.


2011 -жылы алда тұрған міндеттер.

1. Егіс көлемін 1500 га жеткізу.

2. Қолдабар бойдақ малды отарлап жайлауға шығару.

3. -«Жасыл-ел» бағдарламасын басшылыққа алып әр тұрғын 1 ағаштан отырғызу жұмысын ұйымдастыру.

3.-Елді-мекенде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, қоқыс төгетін орынды ретке келтіру.

4.Бағаның тұрақтануын үнемі назарда ұстау.


Назарларыңызға рахмет ! Қоян жылдарыңыз құтты болсын әр отбасына ырыс, құт-береке әкелсін, зор денсаулық, мол бақыт еліміздің ішкі-сыртқы саясаты мықты болып, көк байрағымыз жоғары желбірей берсін

Құрметті Зиялы қауым !

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы бойынша жер-жерде

Елбасының тапсырмасы негізінде 12 қаңтар 2010 жылдан ауыл халқының

алдында ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны басталып кетті.

Біздің округ бойынша Шалқар, Көгедай ауылында 12.01.2010 жылы

басталып отыр.

Сондықтан бүгінгі көпшілік жиынды ашық деп жариялаймын !


Сартерек ауылдық округ әкімі бойынша көпшілік жиынға төмендегі

адамдар қатысып отыр:
І. Аудан әкімінің орынбасары-Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы.

2. Аудандық маслихат депутаты-Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы.

3. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы- Жапарқұлов Сымбат Жалынұлы.

4. Ауылдық дәрігерлік емхананың меңгерушісі Буланбаева Роза Фатихқызы

6. Кәсіпкер мал дәрігерлері- Құмархан , Наурызбаев Даулет

7. Мектеп директоры- Масабаева Бақытгүл, Базаров Еркін


К Ү Н Т Ә Р Т І Б І
1. Сартерек ауылдық округ әкімінің 2009 жылы атқарған жұмысы мен

алда тұрған міндеттері туралы.

Баяндамашы ауыл әкімі-Ғ.Серікбаева.

.
Күн тәртібін бекітіп алайық..


Күн тәртібіне қандай ұсыныс пікір бар ?

Қарсы ?


Ұстап қалған ?

Жоқ.


Онда бірауыздан бекіді.
Келесі жұмыс регламентін бекітіп алайық.

Баяндамашыға – 20-25 минут

Хабарламашыға- 5-7 минут

Анықтама берушілерге- 3 минут

Жиналысты үзіліссіз .1-1,30 сағатта аяқтасақ ?
Кімде қандай ұсыныс –пікір бар ?

Ұстап қалған ? Қарсы ?

Жоқ.

Онда жұмыс регламенті бекіді.


Құрметті Зиялы қауым !

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы бойынша жер-жерде

Елбасының тапсырмасы негізінде 12 қаңтар 2010 жылдан ауыл халқының

алдында ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны басталып кетті.

Біздің округ бойынша Шалқар, Көгедай ауылында 12.01.2010 жылы

басталып отыр.

Сондықтан бүгінгі көпшілік жиынды ашық деп жариялаймын !

Сартерек ауылдық округ әкімі бойынша көпшілік жиынға төмендегі

адамдар қатысып отыр:
І. Аудан әкімінің орынбасары-Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы.

2. Аудандық маслихат депутаты-Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы.

3. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы - Жапарқұлов Сымбат Жалынұлы.

4. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы-Берікболов Сайлау ақсақал.

5. Ауылдық дәрігерлік емхананың қызметкерлері

6. Кәсіпкер мал дәрігерлері- Амиров Бақытбек,Сахариев Базылбек.

7. Мектеп директоры- Жақыпов Қайрат Жақсықанұлы.
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І
1. Сартерек ауылдық округ әкімінің 2008 жылы атқарған жұмысы мен

алда тұрған міндеттері туралы.

Баяндамашы ауыл әкімі-Ғ.Серікбаева.

.
Күн тәртібін бекітіп алайық..


Күн тәртібіне қандай ұсыныс пікір бар ?

Қарсы ?


Ұстап қалған ?

Жоқ.


Онда бірауыздан бекіді.

Келесі жұмыс регламентін бекітіп алайық.

Баяндамашыға – 20-25 минут

Хабарламашыға- 5-7 минут

Анықтама берушілерге- 3 минут

Жиналысты үзіліссіз .1-1,30 сағатта аяқтасақ ?

Кімде қандай ұсыныс –пікір бар ?

Ұстап қалған ? Қарсы ?

Жоқ.

Онда жұмыс регламенті бекіді.

Зайсан ауданы прокуроры әділет кеңесшісі

Е.С.Кошкин мырзаға


Сартерек ауылдық округі әкімі Зайсан ауданы прокурорының № 7-04-09-08 10 қаңтар 2008 жылғы наразылығыңызға, жіберілген кемшіліктерді түзеп 22.01.2008 жылы № 6 қайта өкім жазылды. Өкімнің бір данасын жолдап отыр.

Ғ. А. Серікбаева.

Сартерек ауылдык округі әкімінің 2008 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы

баяндама

Әкімшілік орталығы Сартерек ауылы 8 елді-мекеннен тұрады.Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округі әкімінің жер көлемі: 77512 га.

Оның ішінде: егіндігі- 2500 га

шабындығы- 6500 га

жайылымдығы- 70000га


Халықтың демографиялық ахуалы төмендегідей:

2006 ж 2007 ж 2008 ж айырмасы

2566 2400 2378 -22

Келгені 32 56

Кеткені 52 54

Туған бала 38 63 15

Қайтыс болғаны 24 23 21
2008 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 2378 о.і. ораламандар 50 отбасы, 228 адам .

430 отбасы, 514 жанұя тұрады. 299 адам басқа қалаларға қоныс аударып, есептен шықпай кеткендер.



Ауыл шаруашлығы саласы бойынша:

2006 ж -143, 2007 ж – 144, 2008 ж-163 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде:

Мал шаруашылығы саласында- 12

Егін шаруашылығы саласында- 29

Шаппалық жермен айланысатын-103

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін:

3-диірмен

3-май сығатын қондырғы

2-наубайхана бар.
Шағын жэне орта бизнес саласы бойынша:

9-сауда дүкені

1-мал дәрігерлік инспектор

4 -кәсіпкер мал дәрігері халыққа қызмет етеді.


Ауылшаруашлық дақылдарының өндірілуіне келсек: 2008 жылы «Нұрасыл» шаруа қожалығы 5 тонна май өндірді, орта бағасы 160.0 теңгеден 800000 теңгені құрады.Сонымен қатар бұл шаруа қожалығы 18000 бөлке нан пісірді 35 теңгеден 630000 тг. «Мұса» шаруа қожалығы 3,7т ұн тартып 32000, 118400 теңгені құрады. «Еламан» шаруа қожалығы 21600 бөлке нан пісіріп, 40 тенгеден 864 мың теңге табыс тапты. «Болашақ» шаруа қожалығы 1 т май сығып, 200 теңгеден 200000 тенге кіріс кіргізді.
Мал басынын өсуі: 01.01.2009

2006ж 2007ж 2008ж айырмасы

Ірі-қара 4733 4786 4856 +53

о/ішінде

сиыры: 1736 1746 1837 +10

қой-ешкі: 14451 14910 14549 +459

жылқы: 766 796 835 +30

құстар: 3610 2800 1241 -81

марал: 160 160 175 +15
ет: тонн. 722,6 836,9 +81,2

сүт: 3301 3591 +175

жүн: 13 10,2 -2

жұмыртқа 3550 4720 +117



Егістік алқап: 2500 2500

Астық 592 418 -194

Картоп 130 60 -70

Көкөніс 90 50 -40

Бақша 48 30 -18

Майлы дақыл 504 508 +4

Қазіргі күн тәртібіндегі мәселе мал басын бірегейлендіру, олай болса осы сала бойынша жеке меншік малдарымызды сырғалағаннан кейін төлемақысын уакытында төлейік. Бұрын суға, электр энергиясын төлеуде осылай болған, қазір халық толық түсінді әр ай-сайын уақытында төлеуге жетістік. Сондықтан осыны қолға алуымыз керек.
Әлеуметтік сала, халықтың тұрмыс жағдайы экономикалық белсенділік көрсеткіші (жұмыссыздық), жұмысқа қаблетті адамдардың жұмысқа тартылуы.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған адамадар саны 28, оның ішінде жұмысқа тартылғаны 13, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 29, жаңадан ашылған жұмыс орны 14.

Жасына байланысты

зейнетақы алатындар 244 адам - 18415458 теңге

базалық зейнетақы 229 адам - 6183000 теңге

мүгедектігіне мем. жәрдемақы 69 адам - 5661612 теңге

асыраушысынан айрылғандар 37 адам - 3440646 теңге

жасына байланысты мем. жәрдемақы 8 адам - 319032 теңге

ҰОС мүгедегі 2 адам - 294840 теңге

ҰОС –қа теңестірілгендер 6 адам - 342036 теңге

ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер 6 адам - 418716 теңге

әскер қатарында қайтыс болған жанұясы 4 адам - 169056 теңге

ҰОС жесірінің қайтыс болуына

байланысты отбасынана 4 адам - 94356 теңге

Тыл ардагері 37 адам - 738873 теңге

1-11 топ мүгедектері 51 адам - 701811 теңге

111 топ мүгедегі 15 адам - 88560 теңге

16 жасқа дейінгі мүгедек бабалар 10 бала - 88470 теңге

Көп балалы аналар 42 ана - 1609902 тенге

4- жастан жоғары балалы аналар 40ана - 1582704 тенге

Жиыны - 40149058 теңге кіріс кіреді біздің округке айына.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік тыныс-тіршілігіне келсек,



Р/с

Елді мекен атауы

Жењіл автом.

Газ-53

Мармон

Зил-31

трактор

Доњѓалаќты

Шипу

1

Сартерек

55

6

2

4

19

6

2

Кµгедай

10

1

-

-

5

4

3

Шалќар

23

3

-

-

10

2

4

Жања-баз

6
















5

Аќ-ќойын

2







2










жиыны

96

10

2

6

34

12

ауыл тұрғындары егіннің, малды өсірудің тиімділігін ұқты, соның нәтижесінде ауылда 2007 жылы ғана 31 жеңіл автокөлік алынды.Сонымен қатар Шалқар ауылынан 3 тұрғын үй, Көгедай ауылынан 2 уақытша баспана, 1 тұрғын үй салып кірді. Бұл ауыл жастарының үлкен жетістігі деп ойлаймын. Ауыл тұрғындарына 1100 тонна көмір тасылды . Оны тасуда 7 ГАЗ- 53 автомашинасы өз ауылымыздың азаматтары. Атап айтқанда Ә.Кәрімов, С. Уалиев, Б. Ағыбаев, Е. Науекенов, М. Мустафин, М. Жанғозин, Ә. Қойшыбаев, А. Орынбаев, М. Шотанбаевтарға халықтың алғысы шексіз. Әр отбасы өзеннің ішкі арнасын тазалап ағаш отын тасып алды. Жыл басында аудандық орман шаруашлығы мекемесінен рұхсат төлем арқылы ағаш отын алса, соңғы кезде алуға тиым салынды. Ауылдық округ бойынша қарттармен жұмыс істейтін бір маман жүктемесі 6 адам болса, 10 адамды қарап келеді, оның құрамында 1-ші,11-ші,111-топтағы мүгедектер бар. Әр отбасына аптасына бір күннен қызмет атқарады Жылына екі рет үйлері актеледі. Көмі р түсіруге, ағаш отынын кесіп, бұтап беруге әкімшілікпен бірлесе отырып жұмыс жасайды, ай-сайын коммуналдық төлемақыларды төлейді., жылына бір рет дәрігерлік сараптамадан өткізеді, туыстарымен хат-хабар жасауды ұйымдастырады. Келешекте осы жұмысқа қосымша бір штат берілсе. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін бір әлеуметтік маманнын жүктемесі 6 бала болса, 8 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. Аптасына екі рет әр балаға денсаулығына байланысты тіл дамыту, айналамен таныстыру, сауат ашу, еңбекке баулу, дене қозғалысын жетілдіру мақсатында қызмет атқарып келеді. Мектеппен, емханамен, ата-аналармен тығыз байланыста . Жылына екі рет өткізілетін облыстық деңгейдегі дәрігерлік сараптамадан өткізіп тұрады.

2006 жылы 2007 жылы.

АСП-27 отбасы,83 адам 897,9 т 31отбасы 95адам 1033,1т

18-жас бала 178 отбасы, 439 бала, 3470,5 т . 139 отб,354 балаға 3209,5 теңге


Салықтың орындалуы: берілгені орындалғаны %

мүлік салығы 30 30,7 102,3

жер салығы 128 128,2 100,2

көлік салығы 98 102 104,1

біріңғай жер салығы 118 220,1 186

Халықтың әлеуметтік тыныс-тіршілігіне келсек ауылда 7 адамнан алқа мүшесі бар мешіт үйі халыққа қызмет етеді. Бірақ төбесінен су ағып отыруға жарамсыз күйде тұр. 2008 жылы қолға алынып, төбесі ашылып- жабылады.



Білім, медицина, мәдениет, спорт саласы:

2 орта, 1 бастауыш мектепте 513 оқушы, 65 мүғалім, 48 қамту қызметкері. Өткен 2006 жылы Көгедай мектебі, 2007 жылы Сартерек орта мектебі

БҰТ 1-орынды иеленді.

1 ЖҰЕ, 2 ФП және 2 көшпелі ФП болса, онда 2 жоғарғы білімді дәрігер, 3 фелшер, 6 мейірбике, 1 есеп қызметкері, 3 кіші буынды қызметкер. 2 төсекті күндізгі емдеу бөлімі, физио кабинет, ЭКГ, зертхана бөлімі, 1 жедел жәрдем көлігі халықа қызмет атқарады. ЖҰЕ 2 тұрғын үй пәтерінде орналасқан бүгінгі күн талабына сай емес.

100 орындықты Сартерек ауылында клуб үйінде 1,25 штаттық кестеде 2 адам жұмыс істейді.Жаңа-жыл жасыл шырша мерекесінен бастап,8-22 наурыз,1-ұ мамыр,1 маусым балалар күні,18 маусым дәрігерлер күні,30 тамыз Конститутция күні, 1 қыркүйек білім күні.1-10 қарттар мен мүгедектер күні,25-қазан Республика күні,16-желтоқсан Тәуелсіздік күніЖыл көлеміндегі өтетін даталы күндерді арнайы жоспар бойынша ауыл тұрғындарымен бірге бөлінген қаражат шегінде игі шаралар үнемі ұйыдастырылып тұрады.

.

1 кітапхана 474 оқырман 5872 дана кітап қоры, 0,5 штаттық кестемен 1 адам жұмыс істейді, 1 спорт және жастар ұйымының жетекшісі жұмыс істейді, аудан аумағында өтетін спорттық жарыстың барлық түрлеріне ауыл жастарынан волейбол, футбол, баскетбол командаларын, күрес, ат жарысына тасымалдауға қаражат жоқтығынан кедергі болады, дегенмен белсенділікпен ұйымдастырып жұмысын атқарып келеді.



Байланыс бөлімінде 1 адам, 150 телефон нүктесімен жұмыс істейді.

1 пошта онда 2 адам жұмыс істейді.

1 учаскелік полиция инспекторы, кабинеті бар, телефонмен қамтылған, тұрғын үйі бар.

2007 жылдың 12 ай көлемінде 4 қылсытық оқиға тіркелді.

- 1адам 6 ай мерзімге әкімшілік қадағалауға алынды.

- Сотың шешімімен 6 айға 1 адам алкоголизмнен емделуге жіберілді.

- ҚР ӘК-інің 368 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылғандар 2 адамға 1100теңгеден айыппұл салынды.

- ҚР ӘК –інің 336 бабына сәйкес 41 адам жауапқа тартылды.

-ҚР ӘК-нің 371 бабына сәйкес 3 адамға 1100 теңгеден айыппұл салынды.

ҚР ӘК-нің 377 бабына сәйкес 46 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 394 бабына сәйкес 13 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 165 бабына сәйкес 9 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 369 бабына сәйкес 1 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 298 бабына сәйкес 1 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘК-нің 311 бабына сәйкес 1 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Жіберілген кемшіліктер немесе олқылықтар.

Ауыл тұрғындарына еңбірінші қажет дәріхана 2004-2005 жылдары осы әкімшілік орналасқан ғимараттан бір болме беріліп,аудандық І5 аптеканың филиялы ашылған онда Сарсенова Гаухар қызмет атқарса,жанұялық емхананың ішінде екінші аптека ашылған, онда Құсайнова Гульнар қызмет атқарды түрлі көрсету,жазудан ақыры жауып тыныш болдық.Сол сияқты шаштараз да ашылды онда Тұрғанбаева Гульжан қызмет етсе,өзін-өзі ақтамағандықтан жабылды. Жалпы ауылдық округі аумағында 5 ірі кооператив болған . Ол Заңды тұлға болғандықтан ішкі жұмысына араласуға құқымыз жоқ, оның мүшелері жұмысын дұрыс жолға қоя алмады.,соның салдарынан ауылдың кіреберісінен бастап бұзылған ғимараттар,ортасында бұзылған монша,осыны бұзып сатқан соң орнын тазалау керек қой .Ақыры өз-ара ортақ келісімге келе алмай соттасып жүргені,осыған ауыл әкімінің кінәсі қанша :Бірін- бірі жазып,көрсеткеннен аса алмай келеміз.Осыған нүкте қоятын уақыт жетті деп ойлаймын. 2007 жылғы көктемгі егіс өз дәрежесінде егілмеді.Оған ауыл әкімі тарапынан

Ерте бастан керекті тұқыммен қамтуды ұйымдастырылмады.

Баспасөзге жазылу жоспары толық орындалды,бірақ Көгедай,Шалқар елді-мекені

бойынша жазылған басылымдар Қаратал ауылдық округінің есебіне қосылып отыр.

Мал басын асылдандыру жұмысы бойынша жұмыс ұйымдастырылды,дегенмен

халыққа түсінік жұмыстары жүргізілсе де нәтижесі төмен болып отыр.Елді-мекенде тазалық,когалдандыру жұмысы баяу өз дәрежесінде емес. Ауылдың сыртындағы арнайы күл-қоқыс төгетін орынға арнайы бағыты көрсетіліп,ортасынан техника түсетін жол тартылса да халықтың сыртына төгуі дұрыс емес. Ақпан айынан бастап еңбекке орналастыру бөлімінен жұмысқа қабылдаймыз. Дегенмен саналы түрде әр азамат өз ауылының тазалығы үшін күресу керек деп ойлаймынЕнді төккен азаматтар ұсталса учаскелік полиция инспекторы айып-пұл салатынын ескертемін .Ауылдың кіре-берісінен жолдың екі шетінде қоршалып тоғай егілді,бірақ осыған тұрғындар малын енгізіп қояды,даланы күзету мүмкін емес,сондықтан саябақ болса демалғанға өзіміз үшін керек қойЖалпы өткен осыдан 10 жыл бұрынғы тоқыру заманындағы кеткен кемшіліктерді қайталай берудің қажеті жоқ деп ойлаймыз.Қандай кемшілік жіберсек те өз кінәміз екенін мойындайтын уақыт жетті. Ауылдың сиқын кетіріп,бомба түскендей болса оны да өзіміз жасадық,сырттан ешкім жасаған жоқ.Енді тек келешекте қайтсек ауылды көркейтеміз,халықты қайтсек байытамыз,өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріу мақсатында жұмыла жұмыс істейік. 7 жылы 17 қаңтарда аудан әкімінің есепті жиынында берген ұсыныс-пікірлердің орындалуы:.

-Ауыл шаруашлық саласы бойынша -5 ұсыныс

-егін суына кедергі болған жоқ.

-жанар-жағар май уақтылы тасымалданып тұру ұйымдастырылды.

-агротехникалық шаралар арамшөптер уландырылып,жартылай жоңышқа егу арқылы тыңайтылып отырылды.

-қайтарылған жерлер егін егетін жеке адамдарға берілді,бұл шара әлі де жалғасын

табады.

-механизатор мамандығы бойынша аудандық КТМ-де жэне Сарытерек, Көгедай орта мектептерінде оқытылады.



Балалардың жәрдемақысы туралы -2

-Балаларға төленетін жәрдемақы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес төленуде.-

-экологиялық біржолғы төлемақы 2007 жылы 489 адамға құжат жиналып,ақшасы төленді.Бұл жұмыс жалғасын табуда.

Жолға байланысты -3

-Қаражаттың мүмкіндігіне қарай шешімін табады.

Мүлікті жария етуге байланысты:

бұл сала бойынша толық аяқталды, құжаттарын алып таратудамыз.

Автобус қатынасы бойынша Сартерек-Зайсан бағыты бойынша Рахметов Мараттын жеке-меншік автобусы шығып жүр,бірақ халық көбіне жеке меншік жеңіл

көліктерге отырады.

Материалдық көмек туралы-1

Ауыл әкімінде ондай қаржы қаралмаған.Жыл көлемінде аудан әкімі арқылы 4 адам 60000 теңге ақшадай көмек алды.



2008 жылы алда тұрған міндеттер.:

Егіс көлемін 2000 га жеткізу.

-Мал тұқымын асылдандыру.

-Ауылдың демографиялық ахуалын тұрақтандыру.

-«Жасыл-ел» бағдарламасын басшылыққа алып әр тұрғын 1 ағаштан отырғызу жұмысын ұйымдастыру.

-Елді-мекенде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып,қоқыс төгетін орынды ретке келтіру.

-Бағаның тұрақтануын үнемі назарда ұстау.

-Көгедай,Шалқар елд»-мекенінде мал өлексесін тыстайтын орындар салуды ұйымдастыру.т


Назарларыңызға рахмет ! Тышқан жылдарыңыз құтты болсын әр отбасына ырыс, құт-береке әкелсін, зор денсаулық, мол бақыт еліміздің ішкі-сыртқы саясаты мықты болып, көк байрағымыз жоғары желбірей берсін!

Ауылдық округ әкімі бойынша көпшілік жиын.

К Ү Н Т Ә Р Т І Б І
Сартерек ауылдық округ әкімі аппараты бойынша , аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының 6-айдағы орындалу барысы туралы ,аудан әкімінің орынбасарларының ,бөлім меңгерушілері атқарған жұмысы туралы,

ауыл халқының алдындағы есебі.

Ауыл әкімінің 6 айда атқарған жұмысы мен алда тұрған міндеттері.

Бүгінгі жиынға аудан әкімінің орынбасары- О.Қ.Ақтекенов,

Аудандық ауыл шаруашлық инспекциясының бастығы Т.Қ.Молдаханов,

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы -З.Қажанов.

Аудандық мәдениет жэне тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі- С.Құрманғалиев.

Аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашлық,жолаушы көлігі және автомобиль жолдары

бөлімінің бас маманы -Т.Өксіханов жолдастар қатысып отыр.

Жұмыс регламентін бекітіп алайық..

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша хабарламашыға -15-20 минут.

Бөлім меңгерішілеріне 5-7 минут

Ауыл әкіміне 5-7 минут.

Анықтама берушілерге -3 минут.

Жиналысты үзіліссіз 1-1-30 сағатта аяқтайық

Сартерек ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарының қоршаған ортаны ластағаны үшін төлеген ақшаларының тіркеу



Т І З І М І



Р\С

Аты-жөні

Төлегені

Сбор

барлығы

1

Шарапиев Самалбек

63

50

113

2

Тоқбаева Гулмира

94

50

144

3

Ельжасов Жақия

31

50

81

4

Жаңабаев Базылхан

47

50

97

5

Қойшыбаев Әлібек

250

50

300

6

Кабенов Қожахмет

31

50

81

7

Әбдікәрім Естелік

119

50

169

8

Байғозинов Қыдырмолда

16

50

66

9

Төлепбергенов Ришат

31

50

81

10

Табысбаев Ермек

31

50

81

11

Раушанов Өкен

63

50

113

12

Ақпасов Қамза

31

50

81

13

Түсіпов Сибағатолда\Нурлан\

31

50

81

14

Мязев Разымханов

63

50

113

15

Қағазов Әлібек

31

50

81

16

Раисов Сәкен

94

50

144

17

Мустафин Зияш

31

50

81



















Жиыны

1057

850

1907

Барлығы:

Бір мың тоғыз жүз жеті теңге.


Жетекші маманның уақытша

міндетін атқарушы: М.Ч.Мустафин.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет