Сабақтың тақырыбы Ақиқатты іздеу жолында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет6/9
Дата15.02.2024
өлшемі457.98 Kb.
#491715
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6 сынып ҚМЖ

Шығармашылық жұмыс.

5 - тапсырма:



Сахналық қойылым




  1. Жобалау қызметі

Слайд «Табиғатты қорғамау - болашақты ойламау»

Оқушылар өз ойларын білдіреді




  1. Топпен ән айту

«Өсіп келе жатырмын»









  1. Үйге тапсырма

«Адамның рухани кемелденуі» мәтіні

Мәтінді оқып келеді




  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Бөлім

Таным қуанышы

Педагогтың аты – жөні

Қаратаева А.О

Күні






5

Сынып: 6 «А», «Ә», «Б», «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзіне сенім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Өзін – өзі кемелдендіру. Өзін – өзі жүзеге асыру.

Құндылығы

Дұрыс әрекет.

Қасиеттері

Жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу, ұқыптылық.



Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам өз – өзіне сенімді болудің қажеттілігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу..

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға өз – өзіне сенімді болуді үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй

«Нұрға бөлену » мәтінін оқу

Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Адамның рухани кемелденуі» мәтінін оқып келу

Сұрақтар:
1. Ник Вуйчич өмір сүруге күшті қайдан алды?
2. Адамдар Никті тыңдағанда неден шабыттанады?
3. Ник Вуйчичтің бақыты неде?




  1. Сабақтың дәйексөзі

Өзіне – өзі сенген адам, қиындықты да, уақытты да жеңе алады.
І.Есенберлин
І. Есенберлин – (1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасарда туған - 1983) қазақ жазушысы.



Сұрақтар:

  1. Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

  2. Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  3. Қандай адам сенімге ие болады?

  4. Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 




  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Сенімсіздіктің қасіреті1
Бір жігіттің шашасына шаң жұқтырмас жалғыз жүйрік аты болыпты. Сол елдің бір байының баласы жігіттің атына қызығып, бір үйір жылқыға айырбаста деп қолқа салады. Жігіт көнбейді.
Бай баласы оған наразы болып, жүйрік атты қалайда қолға түсіруді ойлайды. Сөйтіп, қайыршының киімін киіп, жігіттің жолын тосып, айламен алдап алуға жоспар құрады.
Ешнәрседен хабарсыз жігіт жол жиегінде отырған адамды көріп, атынан түсіп әлгіге барып, жөн сұрайды.

  • Е, қарағым, ел кезіп жүрген диуана едім. Таң алакеуімде жолға шыққан едім, шаршап әрі аштықтан бұратылып, осы жерге жеткенде құладым. Мені алдағы бір ауылға жеткізіп салшы, - дейді.

Жігіт бай баласын қолтығынан демеп, атына мінгізеді. Сол кезде әлгі диуана атты бір тебініп, жігітті мінгізбей шаба жөнеледі. Анадайға барып: «Маған атыңды бір үйір жылқыға айырбаста дегенде, жолатпап едің, енді айдалада қаңғып өлетін болдың, қош» деп шаба жөнеледі.
Сол кезде жігіт бай баласының артынан айғай салады:

  • Ей, опасыз пенде! Алланың жазғаны осы болса, мен көндім. Бірақ бір нәрсеге келісейік, сен бұл окиғаны ешкімге айтпа, егер тірі қалсам, мен де айтпайын. Осыған серттесейік, - дейді.

Бай баласы шауып бара жатып ойланады: «Апырмау, бұл іс жөнінде менің ешкімге ештеңе демейтінім белгілі, ал оның «Тірі қалсам, мен де айтпаймын» дегенін қалай түсінуге болады?» деп ойланады да, кері қайтып, жігіттен жаңағы сертінің мәнісін сұрайды.
Сонда жігіт:

  • Егер осы болған жағдайды ел естісе, адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туады. Бұдан былай адамдар тарығып жатқандарға жәрдем беруден қорқатын болады. Шын мұқтаж адамдар қараусыз, көмусіз қалатын болады. Сондықтан да мен басымнан өткенді ешкімге айтпауға серттескен едім, - депті.

Бай баласы осы кезде барып, өз қатесін түсініп, кешірім сұрайды, ат-шапан айыбын төлейді, екеуі достасып ажырасады.



Сұрақтар:
1. Бай баланың әрекеті дұрыс па? Неге?
2. Неліктен бай бала өзінің әрекетіне өкініп, кешірім сұрайды?
3. Қалай ойлайсыздар, адамдар өз ісінің қателігін түсініп, дұрыс жолға түсе ала ма? Неге?
4. Өз тәжірибелеріңізден адамның өз қатесін түсініп, қайта жаңғырғаны туралы әңгімелеп беріңіздер.



https://ust.kz/





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет