Сабақтың тақырыбы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге»


Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі197.24 Kb.
#493684
түріСабақ
1   2   3
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


ІІ. Мағынаны тану.


Презентация арқылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру.


Түсіндіру әдісі:
«Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс. Өлең алдымен қазақтың кескінін көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі әлемі-мінезін аша бастайды. Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр. Халықтың надандығы мен әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім», Мәтін жазылған үлестірме
«жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың- жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді, мылжың, бөспе, күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу себебі -өз малына өзі ие емес сорлы. Қосымша мәлімет: Бұл өлең 1886 жылы жазылған. 30 жолдан тұрады. Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910) бойынша алынды. Теориясы «Түсіну». Абай тілінің сөздігін жасау. Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы Ырық-өз қалауы, еркі Сиық-түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық Қырт, қыртың-көп сөйлеу, мылжың Шырық- берекені алу, мазалау Практикасы «Қолдану». «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі көркем эпитетті табу Қан ұрт, май ұрт, аузымен орақ ору, бабасына би болған өңкей қиқым, тиянақсыз қылтың, жыртың-жыртың күлкі. Эпитет-зат-құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді. (З. Қабдолов, Сөз өнері Алматы, «Мектеп»,1976,224б.) Теориясы «Талдау». Оқушыларға өлең құрылысындағы Абай өрнегін тапқызу 1. Әр тармақтағы буын саны - 11-12 2. Әр тармақтағы бунақ саны - 3 3. Шумақтағы тармақ саны - өлең тармаққа бөлінбеген, жыр үлгісінде жазылған 4. Өлеңдегі тармақ саны - 30 5. Ұйқасы- аралас ұйқас ААВА 6. Анықтамасы - Тармақтары 11-12 буыннан, 3бунақтан, 30 тармақтан тұратын аралас ұйқаспен жазылған өлең.
Дескриптор:

  • Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;

  • көтерілген ғаламдық мәселелермен байланысын анықтайды..

Теориясы


«Жинақтау».
Абайдың сөзден салған суретін айқындау
1. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
2. Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қиқым.
3. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.
4. Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Шығармашылық жұмыс.
Ой толғау
«Тәуелсіз қазақ елінің ұланымын» Бағалау. Не білдің? Өз ойыңды ортаға сал. Өлеңнің өміршеңдігі неде? Түйін: Абай сөзі - қазақтың бойтұмары. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін жаттау.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.


Өлеңді мәнерлеп оқу Сұраққа жауап беру.
Оқушылар Абайдың «Қалың елім-қазағым,қайран жұртым» атты өлеңімен таныса отырып, шығарма кестесін оқу,аудару барысынды толтырады.


Оқушылар автор туралы үйден өздері ізденіп келген мәліметтері бойынша хронологиялық кесте құрады.


Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


«Артық бомас білгенің!» айдарымен Ғаламдық мәселелер туралы мәлімет алады.
Оқушыларға үйге өлеңді қосымша оқып келуге берілген. Сондықтан оқушылар шығарма сюжетімен жұмыс жүргізеді.



Қалыптастырушы бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет