2. Есептер шығару.(тақтаға).
№1.
Азот қышқылының 500 мл 0,2 М ерітіндісін даярлау үшін тығыздығы 1,25 г/мл тең 40% ерітіндісінен қанша көлем керек?
№2.
Көлемі 200 мл 36%-дық, тығыздығы 1,225 г/мл азот қышқылы көлемі 33,6 мл аммиак әрекеттескенде қанша аммоний нитраты түзілді?
№3.
Массасы 176,7 г ас тұзы мен аммоний хлоридінің қоспасын қыздырғанда
50 л(қ.ж.) газ бөлінген. Қоспаның құрамын есептеңдер.
ІІІ.Бекіту.
12 сұрақтан тұратын химиялық диктант. Соңынан жауаптарын жұппен тексеріп, бағалайды.
11-12 – «5»; 9-10 – «4»; 7-8—«3»;
+1. Азот қышқылының формуласы – HNO3
+2.Күн сәулесі әсерінен ыдырайтын болғандықтан қоңыр құтыда сақтайды.
-3.Әлсіз электролит.
+4.Ылғал тартады, «түтінденеді».
+5. Өте күшті тотықтырғыш.
- 6.Барлық металдармен әрекеттеседі.
+7.Металдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейді.
+8. «Патша арағы» 1 көлем азот,3 көлем тұз қышқылынан тұрады.
+9.Нитрат-ионды бөлінген қоңыр түсті газ арқылы анықтауға болады.
+10. Азот қышқылының тұздары – нитраттар деп аталады.
+11. Калий,натрий, кальций, аммоний нитраттары- селитра деп аталады.
+12. Ағзаны уландыратын азот қосылыстары-нитридтер.
ІҮ.Үйге тапсырма:§8.12. 1-жаттығу.
Ү.Қорытынды.
Рефлексия. Келесі тұжырымдармен келіссеңдер параққа + белгісін қойыңдар.
1.Мен өзімді жайлы сезіндім.
2.Мен тақырыпты жақсы түсіндім.
3.Мен сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді болдым.
ҮІ.Бағалау.
Өзіндік бағалау.
бағалар
|
Іс - әрекет
|
«2»
|
Сабақта тыңдаушы болып қана отырдым.
|
«3»
|
Басқалардың жауаптарын тыңдап, есімде сақтауға тырыстым. Кейбір сұрақтарға жауап бердім.
|
«4»
|
Тақырыптың ең негізгісін дәптерге жаздым. Топтағыларға көмектестім. Тапсырмаларды орындап отырдым.
|
«5»
|
Топта белсенділік көрсеттім. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадым.
|
Бағалау парағы
Достарыңызбен бөлісу: |