Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Әли Ысқабай Сабақтың мақсаты



Дата05.07.2016
өлшемі35.68 Kb.
түріСабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні 23__ . 02__ . 2015ж.

Сыныбы: 2 «А»

Сынып жетекші: Айқынбаева Айгуль Жұмаханқызы
Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Әли Ысқабай

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі басты кейіпкерге талдау жасай отырып, мәтіннің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай туғызу.



Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже:  Мәтін мазмұнын түсіне отырып, өз ойларын нақты айта алуға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: шығармашылық жұмыс арқылы ойын сауатты, әдеби тілмен жеткізу дағдысын дамыту.

Тұлғалық нәтиже:  кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру; қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға, адал достыққа тәрбиелеу; халқымыздың нақыл, ақыл сөздеріне мән беруге, жадында сақтауға үйрету.

Сабақ көрнекілігі: сабақтың мазмұнына сай кестелер мен суреттер,,интерактивтік тақта,Қазақстан Республикасы картасы,қабырға газеті,кітап көрмесі.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп,өнер тап,

Түнді күндей ашатын.

ІІ. Үй тапсырмасы:

«Әдеп» көрініс арқылы үй тапсырмасын сұрау

-Оқиға қай маусымда болған?

-Сенің өміріңде осындай оқиға болды ма?



-Арманды қалай қорғауға болады?

.

IІ. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, мен сендерге шағын әңгіме оқып берейін.

Балапан мен мысық

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапанның іреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапандарды құтқармақ болып мысыққа қарай ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман әсем әуенге басты.



  • Оның істегенін бір сөзбен қалай атуға болады?

Бүгінгі сабағымыз қамқорлық көрсетуші балаларға арналады

-Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Әли Әпекұлы Ысқабаев.

Әли Ысқабаев 1939 жылы 6-мамырда Алматы облысы Балқаш ауданы

Күйген ауылында дүниеге келген.Балаларға арналған «Менің інім», «Еңбекқор құмырсқа», «777 жұмбақ» «Бесік жыры» атты өлеңдер жинағы бар.(Тақтадан көрсету, картадан көрсету )

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгін біз, осындай шығармаларының бірі «Қамқорлық» әңгімесімен танысамыз.

Мәтіннің мазмұнын «Болжау» әдісін пайдалана отырып ,бұл әңгімеде не айтылуы мүмкін екенін болжаулары ұсынылады.

-Неге жылайсың?

-Жалғыз жүргенің не?

-Апаң қайда?

-Балалар өз ойларын ортаға салады.

-Сен автор болсаң ,мәтінді қалай құрастырар едің?

«Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу ұйымдастырылады.

ІІІ. Сергіту сәті :

«Мен әдепті баламын» әнін орындау.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.Әңгімені тізбектей оқып шығу.

Ү . Дәптермен жұмыс:

Ескерту диктанты

Әсет –әдепті бала.Ол үлкендердің ақылын көп тыңдайды.Кішіге қамқор болады.Үнемі достарына көмектесіп жүреді.

Тапсырма: Жалқы есімді тауып ,астын сыз.

ҮІ. Енді балалар, мәтіндегі оқиға қай жерде болғанын есімізге түсірейікші.

-Қапшағай қаласы

-Қапшағай қаласы Алматы облысына қарайды .

-Отанымыздың әскери бөлімшесінің мықты шебінің бірі осында орналасқан.Бейбіт заманда еліміздің тыныштығын қорғайтын әскерлер түрлі дайындықтардан өтеді.

Слайд «Қапшағай сарбаздары»

ҮІІ. Топпен жұмыс

-1топ «Қамқорлық»

-2топ «Әдептілік»

-3топ «Қайырымдылық»

-Топқа тапсырма беру .Осы сөздердің мағынасын ашып беру.

-Жауаптарын қорғату

Слайд «Ұлы жеңіске -70 жыл »

-Кіріспе әңгіме

-Қандай уақыт, заман болса да,адамдар әрқашан бір-біріне қамқор,жолдас болды.Бірліктің арқасында жеңіске жетті,талай жақсылыққа қол жеткізді.

Ата –бабамыз ұрпақтары үшін талай ұрысқа түсті,біздің болашағымыз үшін күресті.Өз жанын пида етті,Отанымызды жаудан қорғады.Соның бәрі бір-біріне деген қамқорлық, сыйластық,жанашырлықтың нәтижесі деп білеміз.

-Ұлы Отан соғысына қатысып, елімізді,жерімізді жаудан қорғаған батыр ата-апаларыңды білесіңдер ме?

-Олар кімдер?

-Б.Момышұлы,Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Т.Бигелдинов,Қ.Қайсенов,Р.Қошқарбаев т.б.

-Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының:

"Анаң үшін аянба-ант ұрады,

Балаң үшін аянба -бетің күйеді"-деген нақыл сөзі бар,мағынасын қалай түсінесіңдер?

ҮІІІ . Психологиялық тренинг

Жақсы ,жаман қасиеттерді жазу, керексізін лақтыру

ІХ. Үйге тапсырма: «Менің қолымнан келетін қамқорлық» атты шығарма жазу.»Қамқорлық» мәтіннің мазмұнын түсініп,әңгімелеу.

Х. Топ мүшелерінің білімін бағалау, мадақтау.
Каталог: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1394962335888342
1394962335888342 -> Сабақтың тақырыбы: Малдың пайдасы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру
book-catalog -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
1394962335888342 -> Молдабаева Гулайда Бекболқызы Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?» Мақсаты
book-catalog -> Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
book-catalog -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет