Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар



бет2/3
Дата15.03.2024
өлшемі2.43 Mb.
#495711
түріСабақ
1   2   3
Антропогенез

Адамның тарихи дамуы 3 кезеңнен:

  • Ежелгі адамдар (Архантроптар )
  • Ертедегі адамдар (Палеоантроптар )
  • Қазіргі адамдар (Неоантроптар)

Ежелгі адамдар (Архантроптар )

  • 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты .
  • Бұл қаңқа қалдықтары 1,9млн.- 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамдікі. Эжен Дюбуа питекантроп (маймыладам) деп атады.

Тік жүретін адам. 

  • Ми салмағы -900г. Тік жүретін адам (Homo erectus) .Маңдайы тайқы, әрі жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес.
  • Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүрген — осылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғын жай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.
  • Тік жүретін адамдардьң негізгі эволюциялык жетістігі — тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.

Ертедегі адамдар (Палеоантроп )

Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. 300—400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңқа қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді және ми көлемі 1600 см3-ге жуық болған. Мысалы, қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген.

Қазіргі адамдар (Неоантроптар)

  • Олардың бойы биік (180 см-ге дейін), миынын көлемі 1800 см3 болған. Кроманьондықтарда осы заманғы адамдарға тән барлық белгілер болған; бас сүйегі көлемді, иегі шығынқы, айқын көрінеді. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды. Біз де Саналы адам (Homo sapiens) түрінің өкіліміз.
  • Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыз да орынды бағалаған. «Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтерілген. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып жоғары көтерді,оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызды»,-деп өте маңызды тұжырым жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет