Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.
Сақшының міндеттері.
Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.
Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:
оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;
оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;
қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |