Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері


Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады



бет4/4
Дата25.01.2023
өлшемі52 Kb.
#468766
түріСабақ
1   2   3   4
arauyldy-yzmet-zhne-ony-mndetter

Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!»деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.
Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар – қарауыл үй - жайларына барады.


Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.
Сақшыларды ауыстыру ауаның температурасы –20 градустан төмен, +30 градустан жоғары болған кезде 1сағат сайын ауыстырылады. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.
Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде, қарауылды жұмысқа таратушы «Ауысым тоқта!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайын бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы сарбаз Омаров, пост пен оның маңайына бақылау жаса!»
Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «белдікке» күйінде ұстайды. Сақшы қарауылды жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы сарбаз Сауыров, постыға қарай адымда!» дегенде, тік тұрып оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.
Бұрыңғы және жаңа қарауылдың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында 1-2 қадам арақашықтықта бір - біріне қарап тұрады.
Бұрынғы қарауылдың жұмысқа тарарушысының : «Сақшы посты тапсыр!» -деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір – біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постының нөмірін, постыдағы күзетуге жататын барлық объектілерді, байқалған кемшіліктерді атайды.
Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен қарауыл өздерінің жұмысқа таратушыларына қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Омаров нөмірі мынадай посты тапсырды». «Аға сержант мырза! Қатардағы сарбаз Сауыров нөмірі мынадай посты қабылдап алды».
Қарауылдың сақшы орнына (сақшының қарауыл орнына) ауысуы оның жұмысқа таратушысының «Қатардағы сарбаз Омаров! Постан алға адымда!» деген пәрменінен кейін анықталады. Бұл пәрмен бойынша қарауыл ауысымның соңына барып тұрады да, өздігінен қаруын «белдікке» күйінде ұстайды.
Осыдан кейін жаңа қарауылдың жұмысқа таратушысы «Ауысым, менің соңымнан ер!» деп пәрмен береді де, ауысымды келесі постқа алып барады.
Постыда өрт болған жағдайда – сақшы бұл туралы қарауыл үй-жайына шұғыл хабар береді, күзету объектісін бақылау жасауды тоқтатпастан, өрт сөндіру шараларын қолданады. Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы, сондай-ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы қарауыл үй-жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қарауыл дегеніміз не?

  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

  • Сақшы дегеніміз Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет