Алғашқы діндер. Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор. Дін өзіндік түйсік пен көзқарас. Олар бір – бірінен мінез -құлықтың тиісті түрімен байланысты.
Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады. Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде ол дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңуіне көмектеседі. Дін сөз жоқ мәдениеттің маңызды құбылысы. Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ескерткіштеріне айналады. Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін Діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді. Алғашқы мәдениеттанушы -теоретик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Герде (1744-1803ж) саналады. Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды. Дін, Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі. Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты. Діннің мәдениеттің дамуындағы озық ролін бағалауға ұмтыла отара, Гердер, египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық европалық ұлттардың -этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді. Оның пікірінше, поэзия мен өнер, саз Бен жазу, агрономия және жыл санау, ізгіліктік пен мемлекеттік туралы Ілім осылайша пайда болды. Дж.Фрэзердің (1854-1941ж) көзқарасы бүкіл әлем ғалымдарының талай ұрпағы үнемі сілтеме жасап келген зерттеулердің қатарына жатады. Өзінің басты «Алтын бұтақ» кітабында Дж.Фрэзер алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзқарасын білдіреді. Біздер қарастырған теориялардың барлығын бір арнаға тоғыстыруға, оларды «ғылыми» және «жалған ғаламдық» деп бөлуге болмайды. Олардың барлығы діннің адамзат тарихындағы шынайы орын іздеуге сан алуан жолдарын көрсетеді.
Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.
Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы.
Өркениет пен мәдениеттің ара жігі мәселесі сан қырлы. Осы екі түсініктің көптеген мағыналары бар. «Мәдениет» түсінігінің көп мағаналылығын біз сәл жоғарырақта қарастырғанбыз (екінші сұрақ). Енді өркениет түсінігіне тоқталайық. Қазіргі ғылымда «өркениет» түсінігі көп қолданылатындар және сонымен қатар анықталуы өте күрделілер санатына жатады.
«Өркениет» терминінің өзі латынның «азаматтық», «мемлекеттік» сөздерінен шыққан. Бұл түсініктер ХҮІІІ ғасырда пайда болды және сол уақыттан бері «мәдениет» түсінігімен тығыз байланыстырылып келеді.
Соңғы жылдары «өркениет» термині қисынды ұйымдастырылған, жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Адам қызметінің кез-келген өзгертушілік әлемі тек рухани құндылықтар мен ғана тұтастықпен мәңгіге ие болады. Материалдық игілік өзі дербес адамның рухани даму үшін алғы шарт ғана. Өркениеттің негізін үлкен уақыт аралығындағы тұтас тарихи дәуірдегі адамның бүкіл қызметінің мәні мен бағытын мәдениет компоненттері құрайды, сондықтан да өркениетте мәдениет болмысының ерекше әдісіне айналады деп айтуға болады.
Өркениеттің дамуы көп жағдайда мәдени құндылықтардың өркениеттің өзіне қаншалықты сәйкестігіне байланысты. Өркениет өзінің жеке дамуы үшін мәдениеттің жетістіктерін белсенді және жемісті игерген сайын ол үлкен шығармашылық қуатқа ие болды. Сонымен, өркениет сол қоғамға тән принциптерді тудырады. Ал мәдениет адамның, қоғамның дүниеге нақты өркениеттік нысанға ерекше қатынасын көрсетеді.
Үй тапсырмасы:
1) Кез-келген ұлттың мифтерінің біріне реферат жазу немесе слайд жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |