Сабақтың тақырыбы: Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі. Ферменттердің әсер еті механизміҚабілеті жоғары оқшылар «Үлкен ізденіс»әдісі
2 қосымша
Ферменттер құрамында әртүрлі қызмет атқаратын бөліктер бар. Ферменттер (латынша fermentum- ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор. Ферменттер химиялық табиғаты жағынан ақуыз, протеиндер-ақуыз, ақуызды емес простетикалық топпен байланысқан жоғары молекулалы қосылыс. Алғашқы кристалл фермент уреазаны 1926 ж американдық биохимик Д.Самнер алған. Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады; Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді. Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары: цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар; серин, гидроксильдік -OH тобы бар; гистидин, имидазол сақинасы бар; аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар; триптофан, құрамында индол сақинасы; гидрофобты амин қышқылдары, олардың құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады. Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады. жүктеу/скачать 272.88 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |