Лоқсу – асқазан аймағындағы жағымсыз және ауыртпалық сезім. Осының артынан құсық пайда болады.
Құсу – рефлекторлық акт. өңеш, жұтқыншақ, кейде мұрын жолдары арқылы асқазан ішіндегі нәрселерді еріксіз сыртқы ортаға шығару. Құсу әр түрлі ағдайларда болады /гипертониялық кризде, инсульт, мидың қатерлі ісігінен, асқорту органдарының ауруларында.
Медбикенің мақсаты – құсықтың басталған уақытын, тағаммен байланыстылығын, көлемін, иісін, түсін, қанның, запранның барлығын анықтау. Егер құсық үнемі тоқталмайтын болса, науқас әлсізденуі, жүректің, бүйректің жұмысының бұзылуы мүмкін. Уақтымен дұрыс көмек көрсетпесе /есін білмеген жағдайда/ құсық дем жолдарына тіреліп аспирациялық пневмания немесе тұншықтыруға әкеліп соғады.
Кофенің түсіндей құсық - асқазаннан қан аққанын көрсетеді. Қан аралас құсық кезінде науқастың өңі бозарып, суық жабысқақ тер шығады, қан қысымы төмендеп, тамырының соғуы әлсірейді. Бұл өте қауіпті белгі, шұғыл шаралар қолдануды талап етеді. Медбике дереу дәрігер шақырып, науқасқа дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Асқазаннан қан ағатын науқасты дереу төсекке көлденең атқызу қажет. Асқазанның тұсына мұзды мұйық салады, оны еріген сайын ауыстырып тұрады. Медбике науқасты жұбатып, оның тыныштығын сақтайды. Науқасты дәрігер келгенше жалғыз қалдырмайды, дәрігерлік белгілеулердің бәрін асып – саспай орындайды. Қан аққаннан кейінгі тәуліктерде науқасқа тамақ пен сусынберуге болмайды.
Іштегі ауырсыну сезімі - асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерін қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшыраганда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтілігі, сипаты, орны, таралуының бар-жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойынша бағаланылады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек(миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді.Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.
Қыжылдау – төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу
Кекіру- асқазанның тегіс салалы бұлшықеттерінің периодты жиырылуына жэне аяқ астынан ауыз қуысына ауа немесе кейде асқазанның қышқыл заттарының аз мөлшерде түсуіне негізделген.
Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде
асқазанның газдың түзілуі жоғарлауынан кекіру пайда болады.
Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін
Іш қату - нәжістің кідіріп калуы.
Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.
Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін.
Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:
1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;
3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;
4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;
5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.
Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:
1. Науқасты бір бүйіріне жатқызу (егер науқастың қалпын өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын - тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады).
2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;
3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;
4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).
Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай :
1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;
2. Дәрігер шақыру;
3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.
Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.
Адам қажеттіліктерінің арасында ішу, жеу, бөлу секілді қажеттіліктер күнделікті қандағы қоректік заттардың тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ететіндіктен негізгі орын алады. Тағам адамның іс-әрекет етуіне керекті энергияның көзі болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрмен қарай өсіп-даму материалы болып келеді. Аштық сезімі, тәбет адамның тамақты іздеуіне, қабылдауына себепші болады. Ағзаның сыртқы ортамен тағам аркылы байланысы маңызды байланыс болып саналады.
Қанға керекті қоректік заттар сіңгеннен кейін әр түрлі заттардың ыдырауынан түзілген қалдық заттардан тазартылады. Бұл бөлу мүшелерінің жұмысы арқылы жүреді,
мысалы: адамда тәулігіне орташа есеппен 150-250 г нәжіс массасы түзіліп шығарылады. Бөліп шығару процесі бір тұтас биологиялық процесс болып, онда ас қорыту жолдарымен қатар бүйрек, өкпе, тер бездері катысады. Ас қорыту күрделі өңдеуді кажет ететін ұзақ жол болғандықтан, адамның тамақтану және бөлу қызметтерінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының бұзылуы кең таралған және бұл 100 адамның ішінде 15-20-адамда кездеседі. Көбіне бұл аурулар созылмалы ағымда болып, қозу және ремиссия кезеңдерімен өтетіндіктен, емделушілер бірнеше рет медициналық және мейірбикелік көмектерді қажет етеді. Дәл осы санаттағы емделушілердің сауығуына тек қана дәрілердің ғана емес, сонымен қатар мейірбикенің құзыреттілігіндегі дұрыс ұйымдастырылған күтім, тамақтану тәртібі маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |