Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю. Стомаларды күту



бет1/7
Дата23.02.2022
өлшемі40.77 Kb.
#455689
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
клин практика№8


Клиникадағы практика №8
Пән: Мейіргер ісі негіздері
Тобы, мамандығы,курсы: Емдеу ісі, II курс
Сабақтың тақырыбы: «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю. Стомаларды күту.
Сабақтың мақсаттары:
тыныс алу мүшелерінің қызметі бұзылған науқастарға бақылау және күтім көрсету – дағдыларын меңгеру.
Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.
Дамытушылық: критикалық, логикалық және клиникалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:студенттің адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынасын, нанымын, идеалдарын, эстетикалық сезімін , тәртібі мен еңбек сүйгіштігін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі:

  1. Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу.

  2. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

  3. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

  4. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

  5. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы.

  6. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.

Асқорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді.
Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
1.сөл шығару қызметі.
2.қимыл /жиырылу-жазылу/ қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.
3.қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек қарын түгінде болады
4.тіршілікке қажетті заттарды сыртқа шығару қызметі
5.эндокриндік қызметі
Негізгі клиникалық белгілері:
-іштің ауруы
-қыжылдау
-кекіру
-жүрегінің айнуы
-құсу
-тәбеттің бұзылуы
-дәреттің бұзылуы
Ішінің ауырсынуы көбінесе тағамды қабылдаумен байланысты. Ауырсынулар әртүрлі болады - ұстамалы, сыздаулы т.б егер потологиялық процеске іштің органдарының сыртқы қабаты киліксе /брюшина/ ауырсынуы пышақ тәрізді, өткір болады да, жан- жағына әсер береді.Ауырсынуға баға бергенде, әртүрлі жағдайды есепке алған дұрыс.Мысалы, тамақ ішкеннен кейін немесе алдында физикалық күш түскенде әр түрлі ауруларға. Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздандыратын немесе ішекті жібітетін дәрілерді беруге болмайды. Асқазанды жууға, клизма және жылытқыш қоюға болмайды.
Қыжылдау – асқазан ішіндегі қышқыл затты өңешке шығарып тастау нәтижесінде пайда болған төс сүйегінің артқы жағы және төс шеміршегі мен кіндік аралығы аймағындағы күйдіру сезім.
Кекіру – асқазандағы немесе өңештегі жиналған ауаның /газдың/ ауыз арқылы кенеттен еріксіз дыбысты шығуы. Іш қату – 48 сағаттан көбірек ішекте нәжістің тұрып қалуы. Көбінесе тағамнан, тоқ ішектің қабынуының, эндокриндік бұзылыстан және қатерлі ісіктерде пайда болады.
Іш өту- жиі немесе бір реттен көп ішектің босатылуы сұйытылған нәжістің бөлініп шығуы.
Іштің тырсылдауы /метиоризм/ іште ауаның жиналуы.
Себебі тағаммен байланысты /горох, фасоль, капуста, қара нан және т.б/. және ішектің микрофлорасының бұзылуымен байланысты, ұйқы безінің жұмысының бұзылуымен байланысты. Осы жағдайда активированды көмір ішу керек. Көмектеспеген жағдайда жел шығаратын түтікшені қолдану керек.
Жел шығару түтікше-жұмсақ, қалың, ұзындығы-30-50см, диаметрі -3-5мм резеңке түтікше ішекке енгізілетін ұшы орталық тесіктің айналасына тоғарылған, екінші ұшы қиғаштап кесілген. Ұшы көтенішектен 5-6см шығып тұратындай етіп 20-30см қашықтықта тұрып тік ішек тесігіне енгізеді. Түтікшенің сыртқы ұшын пациент астына қоятын дәрет ыдысына немесе оның астына салынған ақ жаймаға салады, өйткені түтікшеден ішек ішіндегі сұйықтық ағады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет