Сабақтың тақырыбы: Атысты тоқтату Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 мин



Дата23.07.2016
өлшемі34.66 Kb.
#216463
түріСабақ
«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Атысты тоқтату

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.


  • Атыс жүргізу үшін берілетін пәрменде нелер аталып айтылады?

  • Атысты жүргізуге не кіреді?

  • Көздеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін не істеледі?

  • Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу қалай жүргізіледі?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Атысты тоқтату уақытша немесе толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату кезінде : «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмені беріледі. Мерген осы пәрмен бойынша ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып,винтовканы тежегішке қояды және қажет болса, оқжатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін оны винтовкадан бөліп алып, жарақталған оқжатарға қосу керек. Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалған болса,онда винтовка жарақталған оқжатарға қосылған соң , бекітпе жақтауын қайта жарақтау тұтқасынан кері шегеріп, босату керек және винтовканы тежегішке қойған жөн.

Атысты толық тоқтату үшін: «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмендерінен соң «Оғын ал!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген үстіңгі және төменгі бұрамаларды «0» ге қойып, винтовканың оғын алып,әрі қарай жағдайға сәйкес қимылдау керек.

Жатып ату кезінде мерген винтовканы ұңғы жабуынан оң қолмен ұстап,дүмді жерге босатып,ұңғы бөлігін сол қолдың білегіне қою керек.Оқпанадан ату кезінде винтовканың оғы алынған соң,оқпананың топырақ қалқасына қайта оқтау тұтқасын төмен қарата қоюға болады. Нгер дереу оқ ату көзделмесе, онда бленданы орнына қойып,обьективке қалпақ, көздеуішке қап кигізу керек немесе оптикалық көздеуішті винтовкадан алып, сөмкеге салу керек.

Винтовканың оғын алу үшін:



  • Оқжатарды бөлу ;

  • Винтовкны тежегіштен алу;



  • Бекітпе жақтауын қайта оқтау тұтқасынан жайлап кері шегіндіріп, оқтықтан патрондарды алып,бекітпе жақтауын түсіру;

  • Ағытқыш ілмекті басу;

  • Винтовканы тежегішке қойып, винтовканың бауынан ұстау,ал атыс жатып не тізерлей жүргізілген болса, жерге қою керек;

  • Оқжатардан патрондарды алып, оны винтовкаға қосу;

  • Оқтықтан алынған патрондарды іріктеу керек.

Патрондарды оқжатардан шығару үшін, патрондарды жоғары қаратып, оқтарын өзінен сыртқа қаратып оқжатарды сол қолға ұстау керек, оң қолмен оқсауыттың көмегімен патрондарды біртіндеп өзінен сыртқа қарай оқжатардан итеріп шығару керек.

Жатып ату жағдайында атыстан кейін тұру үшін екі қолды кеуде тұсына тартып,винтовканы оң қолмен ұңғы жабуынан ұстап тұру керек.Содан кейін екі аяқты бір-біріне қосып, қолды дереу түзетіп,кеудені жерден көтереміз де,оң аяқты алға қарай тартып дереу тұрып , керек болса, қозғалысты бастау керек.

Винтовканың оғын алғаннан кейін егер керек болса , командир: « Қаруды тексеруге!» пәрменін береді.

Бұл пәрмен бойынша орындалатындар:



  • Жату жағдайында:оқжатарды бөлектеу және оны винтовканың жанына оқ берушіні өзіне қаратып қою,винтовканы тежегіштен түсіріп , бекітпе рамасын артқа апару,винтовканы біршама соға бұру;командир оқтықө пен оқжатарды тексерген соң бекітпе рамасын алғабосатамыз, шүріппені қайрмадан түсіріп,винтовканы тежегішке қоямыз,оқжатарды винтовкаға біріктіреміз;

  • «Бауға!» күйіндегі винтовкамен тұрып ату жағдайында:тұрып ату жағдайын қабылдау керек;винтовканы сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, оң қолмен оқжатарды бөлектеп, оқ берушіні жоғары,дөңес жағымен өзіне қаратып ұстап оны сол қолға ауыстырамыз,сол қолдың саусақтарымен оқжатарды ұңғы жабуына құысамыз,винтовканы тежегіштен алып,бекітпе жақтауын артқа жылжытамыз.Командир оқтық пен оқжатарды тексеріп болған соң , бекітпе жақтауын алға түсіріп,шүріппені ұрыстық қайырмадан алып,винтовканы тежегішке қойып,оқжатарды біріктіріп,винтовканы «бауға» жағдайында алу керек.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Атысты тоқтату қаншаға бөлінеді?

  • Атысты тоқтату уақытша тоқтату үшін қандай пәрмен беріледі?

  • Винтовканың оғын алу қалай жүргізіледі?

  • «Қаруды тексеруге?» пәрменінен кейінгі сарбаздың іс-әрекеті?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет