Мағынаны тану
Топтық жұмыс
Орбитальдардың пішіні орбиталь квант санымен анықталады. Кванттық механика мәліметі бойынша s–орбитальдың пішіні шар тәрізді. Бірінші энергетикалық деңгейде n=1, бір ғана орбиталь. Оны s-орбиталь деп атайды. s-орбитальда орналасқан электронды s-электрон деп атайды. 2-энергетикалық деңгейде (n=2) төрт орбиталь бар. Оның біріншісі – сфералық симметриялы 2s-орбиталь. 1s-электронға қарағанда2s-электронның энергиясы үлкен болғандықтан ядродан қашық орналасады.
Ядро өрісінде қазғалатын электрондар магнит өрісін туғызады, олардың өзара әсерлесуі кеңістіктегі орбитальдардың бағытын анықтайды. Орбитальдардың кеңістіктік орналасуы магнит квант санымен(m) сипатталады.
Электрондардың осінде қарама-қарсы бағытта ұршық тәрізді айналу қабілетінің бар екені анықталды. Мұндай қасиет «электрон спині» деп аталады. Ол спин квант санымен сипатталады, ол екі мәнді қабылдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |