Атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары.
Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады
Атмосфералық ауаны қорғау қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені ауа Жердегі барлық дерлік тіршілік үшін қажетті шарт.
Кез келген қызмет оны ластау көзі бола алады, сондықтан атмосфералық ауаға шығарындыларға арнайы талаптар қойылады.
Халықты қауіпсіз және таза ауамен қамтамасыз ету мақсатында санитариялық қызмет құрамында химиялық және улы заттардың құрамын үнемі қадағалап отырады. Елді мекендердің тұрғын ауданындағы маршруттық бекеттерде бақылау пункттері орнатылады. Атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу ауа сынамаларын іріктеуді жүргізу үшін жабдықтармен жасақталған стационарлық немесе
жылжымалы бекеттерде жүзеге асырылады. Ауа сынамаларын алумен бір мезгілде желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа температурасы, атмосфералық қысым өлшенеді, ауа-райының және топырақтың астыңғы бетінің жай-күйі жазылады.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыста атмосфералық ауаға 3549 өлшеу жүргізілді, оның ішінде (Көкшетау қ., Степногор қ., Бурабай ауданында) 33 сәйкес келмейтін өлшеулер анықталды, бұл сәйкес келмейтін өлшеулердің үлес салмағының 0,9% құрады.
IV. Сабақты бекіту
«Cұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау
Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІ. Үйге тапсырма
1.«Ауаны ластаушы заттарды» ата?
2.Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады?
3.Ластанған ауаның тіршілікке зияны қандай?
4.Ауаны тазарту қалай жүзеге асады?
5.Ауылымыздың ауасы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |