Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.
|
Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады
Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.
Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді
|
Ортасы
|
Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру.
Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды.
«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады.
«Бәйге» - екі команда анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен шабады.
Оқушылар гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай болады.
«Теңге ілу (алу)» — ұлттық ойын. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.
Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан орамалды қолымен іліп алып кетуі қажет.
|
Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды
|
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.
|
. Бағалау
|
Формативті бағалау.
Оқушыларды әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.
1. «Қол шапалақтау»
2. «Бағдаршам»
3. «Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»
4. « "Қолмен белгі беру"
әдістері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар әр тапсырмадан кейін бір-бірін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.
Сабақ соңында
өз-өздерін бағалайды
|
«Қол шапалақтау»,
Бағдаршам»,
«Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»
«Шоқ жұлдыз»,
"Қолмен белгі беру"
|