Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы әнінің әуенділігі Мұғалімнің аты-жөні: Күні: сынып: 5



бет2/3
Дата24.02.2023
өлшемі0.73 Mb.
#469967
түріСабақ
1   2   3
docx1596115746

Басталуы
5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.


«Аялы алақан»
Тренинг.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.
Қазақ халқының дәстүрлі өнерінде ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.
Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері:
Арқа әншілік дәстүрі
Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі
Жетісу әншілік дәстүрі
Сыр өңірі әншілік дістүрі
Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс – салтқа байланысты ғұрыптық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.
Ғұрыптық әндердің өзі- бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері-халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыкалық мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.
Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеідер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып құйқылжиды. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана орындадалы.

Оқулық,
мәтіндер.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі



Ортасы
10 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет