Сабақтың тақырыбы Қазақ отбасындағы дәстүрлер


-тапсырма. Мәтінді тыңда, тақырыпқа қатысты сөз тіркестерін "Дара диаграммаға" түсір



бет4/8
Дата04.09.2023
өлшемі3.48 Mb.
#476487
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
5 ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДЕБИЕТ ҚМЖ

1-тапсырма. Мәтінді тыңда, тақырыпқа қатысты сөз тіркестерін "Дара диаграммаға" түсір
Сәлем,достар! Менің атым - Әлібек.Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын.Бұл - менің отбасым.Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен.менің отбасымда атам,әжем,әкем,анам,ағам,інім,қарындасым бар.Бәріміз бірге тұрамыз.
Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп.Олар: жасы үлкен адамға жол беру,төрге отырғызу,қарсы сөйлемеу,қызды сыйлау.Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады,кеңес береді,ақылды болуды үйретеді.
Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді.Әкем маған: "Үлкенді құрметте,кішіге қамқор бол!" - дейді.Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды,ағамды құрметтеймін.Ал, ініме, қарындасыма көмектесемін.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған.Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен.
Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір - біріне қол беріп амандасады.жасы кіші адам үлкенге: "Ассалаумағалейкум!" - деп амандасса, үлкендер: "Уағалейкумсалам!" - деп жауап береді.Ал мектепте,қоғамдық орындарда ер адаммен де, әйел адамдармен де "Сәлеметсіз бе!" - деп амандасады.
Адамды таныстырғанда үлкенге кішіні,әйел адамға ер адамды бірінші таныстырады.ондай кезде: "Танысып қойыңыздар", "таныстыруға рұқсат етіңіздер!"- деп айтады.
Мен өз отбасымды жақсы көремін,қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін,сақтаймын.


"Дара диаграмма"

Қазақ отбасындағы дәстүрлер




Дескриптор
- Мәтінді тыңдайды;
- сөз тіркестерін диаграммаға түсіреді.
ҚБ "Отшашу"


2 - тапсырма.ТКО әдісі.
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Берілген мәтін бөлігінен ұлттық этикет формаларына қатысты сөздерді қолданып,іс-қимыл,ыммен көрсет.
Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір - біріне қол беріп амандасады.жасы кіші адам үлкенге: "Ассалаумағалейкум!" - деп амандасса, үлкендер: "Уағалейкумсалам!" - деп жауап береді.Ал мектепте,қоғамдық орындарда ер адаммен де, әйел адамдармен де "Сәлеметсіз бе!" - деп амандасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет