2. №7. 97-98 жаттығулар №5 – практикалық сабақ. Лексикология. Сөз мағынасы және оның түрлері. Сөзге тән белгілер. Семасиология, оның негізгі объектісі. Сөз мағынасының түрлері. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері. №15.1-2 жаттығулар
Лексикологияның негізгі зерттеу нысаны-сөз Сөз-біреу мен біреу қарым-қатынас жасағанда қолданылатын ең негізгі единица. Сөзсіз пікір алысу мүмкін емес.Сөз-тіл дыбыстарынан құралатын-единица.Сөз-менгвистиканың негізгі обьектісі.Тілді зерттейтін тіл білімінің өзі де қағидалары мен заңдарын сөз негізінде жасайды.Сөз-ой корінісі.
Лексикологиягрек тілінің lеxis сөз және logos ілім деген сөздерінен алынған термин.Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы. Тілдің сөздік құрамын зерттейді. Сөз - лексикологияда лексикалық единица ретінде қаралады.Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы лексикасы жасалады.Лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикологиялық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қызмет атқарады.
Лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты лингвистикалық проблемалар бар,олардың қатарына:
1.Тілдік лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе.
2.Тілдік единицалардың ішінде,сөздің алатын орны.
3.Сөзге тән басты белгілер.
4.Сөз бен ұғымның ара қатысы.
5. Сөздің ликсикологиялық мағыналарының түрлері
6.Сөздің лексиологиялық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының арақатынасы.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан құрауы мүмкін. Лексикология тарихи (диахрониялық), синхрониялық ликсикология болып бөлінеді.
Лексикологияның түрлері мен салалары Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимологиясөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды, ол жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.
Лексикологияның енді бір саласы- салыстырмалы лексикология, туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады.
Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.