Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы бұйымдарыі



бет16/42
Дата22.04.2024
өлшемі1.84 Mb.
#499526
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
8 с Б 472

Этникалық стиль – киім жиынтығында белгілі бір халықтың (этнос) ұлттық костюмінің ерекшелігін жаңғыртатын стиль. Жиынтық дайындау барысында ең бастысы осы немесе өзге ұлттың киіміне тән пішім, материал, реңк, ою-өрнек, сән, аксессуарларды қолдану болып табылады.
Этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттерін көрсете отырып,этностиль түсінігі туралы шағын ақпарат береді, сонымен қатар қазіргі қазақстандық дизайнерлер, мысалы: «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясыжәне т.б.
Сұрақ-жауап:
Этностиль деген не?
Оның бірнеше түрін атаңдар?
Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?
Бұл суреттерде не бейнеленген?
Оларды не біріктіреді?
Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде?
Мұнда көрсетілген киімдердің негізгі түрлерін атай аласыңдар ма?
Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білесіңдер?
Ақпаратпен жұмыс . Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің әртүрлі түрлері бейнеленген карточканы таңдап, 2 топқа бірігеді.
Ары қарай – оқушылар топта мұғалімнің ұсынған әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдері туралы ақпаратты (1 қосымша) зерттеулері және өздерінің зерттеу нәтижелерін кестеге (2 қосымша) жазулары тиіс:



Киімнің негізгі түрлері




Жасына қарай




Киім пішіні




Түс гаммасы




Ою-өрнекпен әшекейленуі






Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың сұрағына жауап бере отырып, жұмысты қорытындылайды.
Сұрақтарды талқылауды ұсынады:
*Ойланыңдар, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма?
*Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қандай айырмашылық және неліктен екенін сипаттап бере аласыңдар ма?
*Әр топ өз ойлары мен жауаптарын сыныптастарына айтады, мұғалім оны қажеттілігіне қарай түзетеді.
Кестемен жұмыс.

Сипаттамасы

Ерекшелігі

Ұқсастығы

Пішіні







Түс гаммасы







Ою-өрнек








Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді Оқушылар топта этникалық стиль, оның түрлері туралы презентациядағы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді:


.

Дискриптор
әртүрлі халықтың ұлттық киімінің түрлерін біледі, түсті гаммасы мен ою-өрнек түрлерін анықтайды;
- қазақтың ұлттық киімінің жас бойынша бөліну мәнін түсінеді;
- кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айыра біледі;
- этностильдегі ұлттық киім түрлерімен танысады.

Беларусс, татар, орыс халқының ұлттық киімі бейнеленген фотосуреттер
http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php
(Қазақтың ұлттық киімі)
http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/
(татар ұлттық киімі)


http://nazaccent.ru/content/4989-belorusskij-narodnyj-kostyum-strojnyj-obraz.html
(белорусс ұлттық киімі)


http://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html
(Құрақ көрпе)
http://kurakkorpe.kz/
Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.

Бекіту


Кері байланыс
Мен не білдім ?
Не үйрендім ?
Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет