Сабақтың тақырыбы Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



бет2/3
Дата10.08.2023
өлшемі48.01 Kb.
#476028
түріСабақ
1   2   3
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» әңгіме ҚМЖ 2-cабақ

Мағынаны тану кезеңі ТЖ

Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.
Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.
Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім мазмұндарының тұтастығы.
Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистік-стилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.
Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.



1-тапсырма. Оқушылар берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауларын ұсынады.

  • «Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қолжазба журналда («Садақ») жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр».

Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіреді.
Әңгіменің негізгі ойы:
______________ _________________

Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз:
__________ ____________ __________ ___________

Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз:
_______ _________ _________ ________ ___________________

2-тапсырма. Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.

  • 1.Қос жолаушы

  • 2.Сұлу қыз – Шұға

  • 3.Кездесу

  • 4.Учитель Әбдірахман

  • 5.Ғашық жүректер

  • 6.Хат.

  • 7.Жабылған жала

  • 8.Қоштасу

  • 9.Айықпас дерт

  • 10.Соңғы хат

  • 11.Белгі

3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша топ мүшелері проблемалық 2 сұрақтан құрастырады. Құрастырған сұрақтарын сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Басқа топтың оқушылары жауап береді.
Мысалы:

  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет