Сабақтың тақырыбы: Бауыржын Момышұлының қанатты сөздері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Осылай сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды



бет2/4
Дата09.04.2023
өлшемі83.26 Kb.
#471960
түріСабақ
1   2   3   4
7.04 7т

Осылай сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
І. ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
1-тапсырма. Ой шақыру.
1.Б. Момышұлының соғыстағы ерлігі мен әскери педагогикаға қосқан үлесі туралы не білесіңдер? Неліктен оны «әлем халықтарының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат» дейміз?
2.Б. Момышұлының әдеби мұрасы, ол туралы жазылған романдар туралы не білеміз?
3. Б. Момышұлының қандай қанатты сөздерін білесіңдер?
Дескриптор:

  • Б. Момышұлының ұлағатты сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді;

  • Сұрақтарға жауап береді.

ІІ. ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Мәтінді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Негізгі ойды анықтаңыз.
Шақпақатадан шыққан батыр
Біз майданда болдық. Белуардан қан кештік. Тылда жүріп көз жасымызды көл еттік. Күн-түн демей еңбек етіп, жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық. Бұл жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ел дегенде еңіреген ерлеріміздің қан майданда құрбан болғаны аз емес. Қол-аяғын беріп, мүгедек болып қайтқан ерлеріміз бар. Ұлы Отан – туған елім, туған жерім. Ұлы Отан жалынына шарпылмаған біздің елде бір де бір отбасы жоқ. Соғыс қайғысы, соғыс мұңы әрқайсымыздың басымыздан өтті. Жауынгердің сағынышы, ата-ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың көз алдымызда. Мен өзім қырық жылғы қырғында аман қалған жандардың бірімін. Сол сұрапыл қырғын соғыста еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлерінің қаза тапқанын мен өз көзіммен қан майданда көргем. Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттер өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олардың иманы жолдас болсын. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жан аямастан соғысты, тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті. Имандары жолдас болсын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет