Сабақтың тақырыбы Бейбітшілік және келісім сарайы Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/7
Дата10.06.2023
өлшемі101.03 Kb.
#474930
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1605628898 1

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: талқылау сұрақтарын құрастыруда жаңа сөздерді қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: экстерьер, витраж.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен Бейбітшілік және келісім сарайының экстерьеріне пирамида таңдалған?

Не себепті..........деп ойлайсыз?

Не себепті ғимаратқа «Бейбітшілік және келісім сарайы» деген атау берілді деп ойлайсыз?

ишара:




Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілігі қалыптасады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Арман-ПВ» баспасы, 6-сынып, қазақ тілі, «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау.
Оқушыларды топқа бөлу(талаптары әртүрлі оқушылар):
1топ – сары пирамида;
2топ – көк пирамида;
3топ – қызыл пирамида.
Саралаудың жіктеу түрін қолданамын.

қима қағаздар,

3 минут

ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ:
«Тосын сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
Сұрақтар:
1. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар қандай тарихи оқиға орын алды?
2. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әлемдік саясатта атқаратын рөлі қандай?
3. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қандай мүшесі?
4. Бұл Кеңеске мүше болу Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?
Дескриптор:
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;
Өзара бағалау: дескриптор негізінде оқушылар бір-біріне ауызша кері байланыс береді.
Мұғалімнің қорытынды сұрағы: Бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?(жаңа тақырыпқа бағытталған)

Сұрақтар жазылған қима қағаздар



3минут



КІРІСПЕ:
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларға бірнеше суреттер көрсетіледі. Суреттер бойынша балалар бүгінгі тақырыпты болжайды.

Сабақтың тақырыбын таныстыру: «Бейбітшілік және келісім сарайы»
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен талдап, таныстыру.
Оқу мақсаты:
9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет