Сарамандық жұмыс. Жеке дара.
ТҚЕ еске салу. Кіріспе нұсқау. Құрау технологиясы
«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы
№----Құрастыру реті-------------Керекті құрал-жабдықтар --------------нобайы
1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы.:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
1 Кіріспе нұсқау.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.
4. Ашық жерлерін біріктіру.
5. Бұйымды дайындау.
2 Ағымды нұсқау.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.
|
Оқушыларға суреті, сызбасы бойынша бұйым конструкциясын өздігімен жасауға мүмкіндік беру. Дайын лекало және қима үлгі нұсқаларын жасау.
Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.1.Матаның қиындыларынан іске ұқсату (Кәдеге жарату).2.Үлкен сәнділікке баулу,матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып,қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
|
Бағалау критерийлер:
*_______________
*_______________
*_______________
Сарамандық жұмыстың аяқтағаннан соң құрастырған бағалау критерий бойынша бірін - бірі бағалау.
|