Соққы толқын өз жолында кездескен барлық нысандарғаәсер етеді.Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып,
4,5 км радиустағыкөп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады.Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді.
Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа
дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.
Өткір радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар
1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Электромагниттік импульс
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Жарылыс аймағында ЭМИ жылдам электрондар есебінен пайда болады.Жер үсті және төменгі әуе жарылыстарында ЭМИ жарылыс центрінен бірнеше шақырым қашықтықта байқалады.ЭМИ ядролық жарылыстың қуттылық , жарылыс түрі және координаталары сияқты параметрлерінің көрсеткіші ретінде қызмет ете алады.ЭМИ электрлі және магнитті өріс зақымдаушы фактор рөлінде өріс кернеулігімен ерекшеленеді.
Жарық сәулесімен зақымдану дегеніміз ядролық қару жарылған кезде түзілетін сәулелік энергия ағыны.Ядролық жарылыс кезіндегі жарық аймақтың ауа температурасы жарық шығарудың бас кезіндегі млн . градусқа дейін жетіп,соңына таман бірнеше мың градус шамасында болады.Жарық сәуле лезде таралады да, қысқа мерзім ішінде әсер етеді.Сәуле шығарудың зақымдаушы әсері жарық импульсімен,яғни сәуле шығару кезіндегі сәулелердің бағытына перпендикуляр орналасқан 1 см кв. бетке келетін жарық энергиясының мөлшерімен сипатталады.