VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§18 дайындық сұрақтарын талдау.
Дененің салмағы дегеніміз не?
Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?
Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
15-жаттығу 1,2
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Массасы 1,5 т денеге экваторға жақын Жер бетінде қандай ауырлық күші әсер етеді?
2. Жер бетіндегі денеге әсер ететін ауырлық күші 50 Н. Оның массасы қандай?
ІІ деңгей.
60 Жер радиусына тең биіктігі дененің еркін түсу үдеуін есептеңдер.
Жердің масасы 6*1024 кг, Жердің радиусы 6,4*106м. (0,0026 м/с2).
Жер радиусына тең биіктікке массасы 10 кг денеге қандай ауырлық күші әсер етеді?g=9.8 м/c2 (6,1 Н)
ІІІ деңгей.
1. Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал ғаламшардың радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.
VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §18, 15-жаттығу (3,4)
Достарыңызбен бөлісу: |