Ортасы
|
Тоғызқұмалақ. Жүрістердің санын есептеу/
Ой қозғау. Сонау бағзы заманнан бірге жасап мазмұн алып, тұрмысқа жатырқап қарамай өмірден берік орын алған ұлттық халық ойындары қаншама.
Оқушыларға сұрақ: 1.Тоғызқұмалақ ойынында жүрісті тез есептеу үшін қажетті қандай
сандарды білу міндетті? 10, 19, 28, 37.
2.Ілгері – кейінді есептеу қалай жүзеге асады?
3.Қазақтың ұлттық ойындардың атаңдар? Көкпар, арқан тартыс, аударыспақ, күрес, ақ сүйек, санамақ, тоғызқұмалақ, қыз қуу, жанбы ату, теңге алу, алтыбақан т.т.б. Әрбір ойынның өзіндік ойын барысы, ойын шарттары, ережелері, тәрбиелік мәні бар.
Тапсырма: І топ: Ойлау қабілетін дамытатын ойындарды жазыңдар.
Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, нарды.
ІІ топ: Күшті, ептілікті қажет ететін ойындарды жазыңдар.
Көкпар, арқан тартыс, аударыспақ, күрес, тенге алу.
Топтастыру: І топқа: Тоғызқұмалақ ойынындағы тоғыз санына қатысты топтастыру.
9-отаудан тұздық Әр ойыншыдаалынбайды. 9 отаудан бар.
Әр отауда Отаулардың 9 тарихи 9 құмалақтың атауы бар.
ІІ топқа: Тоғызқұмалақ ойынын топтастыру.
Ойлау қабілетін Жүрісті дәл көрсетудамытатын ойын. ойыны.Есептеу ойыны. Ұлттық ойын.
Ақыл-ой өнері ойыны.
Мағынаны тану: Тоғызқұмалақ ойынындағы жүрістің санын есептеу жолдары.
Ойыншының ойынның ортасы мен аяқ шенінде тек өз жағындағы жүрістердің ғана мақсатын белгілеп, құмалақтарды дұрыс салу және барлық жүрістердің санын есептеу ғана жеткіліксіз. Жеңістен үміткер қарсыласының барлық жүрістерінің санын есептеп отыруы қажет. Оның мақсатына қарсы жоспар жасағаны дұрыс.
Мысалы, ойын барысында тақта үстінде мынадай позиция пайда болды делік.
74
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 3 4 1 6
4 2 4 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9
58
Мұнда тақтада «тұздықтар» жоқ. Жүріс кезегі ақ жағынан. Мұнда тек санаулы құмалақтар қалған. Екі жақтың да мақсаты бір-бірін атсырату. Яғни өз құмалақтарын 9-отауға жинап қарсыласын атсыратпақшы. Мынадай сұрақ туындайды. Сонда олардың қанша жүрісі қалғанын білуге болама?. Әрине болады. Төмендегі тақтада әрбір отауда бір-бір құмалақтан бар делік.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 1 1 1 1 1 1 1 1
1 1 1 1 1 1 1 1 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Бұнда 8-отаудағы бір құмалақ 9-отауға жеткенше бір жүріс жасайды. 7-отаудағы бір құмалақ екі жүріс, келесі отаудағы бір құмалақ 3 жүріс т.с.с. Барлық жүрісті қоссақ,1+2+3+4+5+6+7+8=36, яғни 36 жүріс жасауға болады екен. Отауда жатқан екі құмалақтың жүріс санын табу үшін жүретін отау мен құмалақтар жинайтын отаудың арасындағы отаулар санын отаудағы құмалақ санына (яғни екіге) көбейтсек болғаны. Мысалы, бұл сызбада 5-отауда жатқан екі құмалақ 9-отауға жеткенше
2
1 2 3 4 5 6 7 8 9
4 рет қарғиды екен, яғни ол екі құмалақ (4х2=8) сегіз жүріс береді. Үшінші отауда жатқан 2 құмалақ (6х2=12) он екі жүріс береді т.с.с. Отауда жатқан үш құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, жүріс жүретін отау мен құмалақ жинайтын отау арасындағы қарғу санын отаудағы құмалақтар санына көбейтіп, сол көбейтіндіден 2 (екі) санын алсақ болғаны. Мысалы,
3
1 2 3 4 5 6 7 8 9
3-отауда жатқан үш құмалақпен 9-отаудың арасына алты рет қарғып жетеді. Яғни 3-отаудағы үш құмалақ (6x3)-2=16 он алты жүріс береді. Енді осы ережені (заңдылықты) талдап көрейік. 3-отаудағы үш құмалақты таратқанда мына сызбадағыдай позиция пайда болады.
1 1 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Енді бұл шағын құмалақтардың жүрістерін есептеу қиындық тудырмайды. Есептеп көрелік: 5-отауда жатқан бір құмалақ 9-отауға жеткенше - төрт жүріс, 4-отаудағы бір құмалақ – бес жүріс, 3-отаудағы бір құмалақ – алты жүріс. Барлық жүрістерді қоссақ 1(3 құмалақты таратқан жүріс)+4+5+6=16 жүріс. Жоғарыдағы ережеміз дәлелденді. Оқушыларға тапсырма:
І топқа:
6-отаудағы төрт құмалақтың,
4
1 2 3 4 5 6 7 8 9
4-отаудағы алты құмалақтың,
6
1 2 3 4 5 6 7 8 9
2-отаудағы сегіз құмалақтың,
8
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ІІ топқа:
3-отаудағы бес құмалақтың,
5
1 2 3 4 5 6 7 8 9
3-отаудағы жеті құмалақтың,
7
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1-отаудағы тоғыз құмалақтың
9
1 2 3 4 5 6 7 8 9
талдау арқылы жүрістің санын анықтап, алым сандарын табу. Нәтижесінде жүрістердің санын есептеу жолының математикалық заңдылығының ең қажеттісі - отаудағы құмалақ санын қарғу санына көбейткен соң одан алатын тұрақты санды тез табу. Бұл заңдылықты төмендегі кестеден көресіздер.
Отауда жатқан құмалақ саны. Қарғу
саны. Көбейтінді Алатын
Сан Барлық жүрістердің саны.
1 X 1X - 1X5 » 5X 9 5X-9
2 » 2X - 2X6 » 6X 14 6X-14
3 » 3X 2 3X-27 » 7X 20 7X-20
4 » 4X 5 4X-58 » 8X 27 8X-27
9 » 9X 35 9X-35
Сонда бізге көбейтіндіден алатын тұрақты санды біліп отыру қажет екені белгілі. Бірақ бұл тұрақты санды жаттап алудың қажеті жоқ. Неге? деген сұрақ туындайды белгілі. Себебі кестеге назар аударсақ, мынадай заңдылық бар. Егер отауда 3 құмалақ жатса, оған өзінің тұрақты алатын санын екіні қоссақ нәтижесінде отауда жатқан 4 құмалақтың алатын саны шығады. Ойыншыға алатын сандардың алғашқы біреуін немесе екеуін білуі шарт. Мысалы, 2 мен 20 санын білген дұрыс.
Бекіту сұрақтары: 1. Тоғызқұмалақ ойыны қандай ойын?
2. 3-отаудағы екі құмалақтың 9-отауға дейінгі жүріс саны қанша?
3. 4-отаудағы бес құмалақтың 9-отауға дейінгі қарғу жолы қанша?
4. Отаудағы бес құмалақтың, алым саны қанша
|
Оқушылар
жаттығуларды бірге жасайды және дұрыс орындалуын есереді
Ойын ережесінің қатаң түрде сақталуын ескереді.
л ойынының негізгі техника элементтерімен танысады, соны дұрыс орындау ережесін меңгергенін оойында көрсетеді
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
|
|