Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушы мұғалімге сабаққа қатысу туралы мәлімет береді.
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсатын айтады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады.
Күтілетін нәтижелер:
Акробатикалық техникадағы дұрыс орындалу әрекеттерін қадағалау және дұрыс орындату;
Жаттығуларды өз дәрежесінде орындауын қадағалау;
Жаттығу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқушыларды екі топқа бөліп жалпы дене жаттығуларын жасату.
«Допты бір-біріне беру» ойыны. Ойынның шартын түсіндіру. Допты жерге түсіріп алмау керектігін ескерту. Топ басшыны сайлау. Жылдамдықты арттыру ойыны. Денені ширатады.
Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Ақыл добы» әдісі пайдалану.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|
Ортасы
|
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Топтағы оқушылар мұғалімнің көрсеткені бойынша акробатикалық жаттығуларды жеке-жеке орындайды және дұрыс орындауын қадағалау, талап ету.
1) Алға қарай аунау, артқа қарай аунау, екі қолын жерге тіреп, аяқты көтере тік ұстап аунау.
2) Аунау кезінде дененің салмағын мойынға, басқа салмау.
3) Алақанды жайып, екі қолды жерге тіреп, алға қарай аяқты жинап аунау.
4) Артқа аунау кезінде алақанды жайып, екі қолды жерге тірей аяқты жинап аунау.
Дескриптор:
Саралау жүзеге асырылады.
Физиологиялық сипаттамалар: ұлдар жоғары жүктеме жас айды, қыздар азырақ жүктеме жасайды.
Физикалық қабілеттерге:
Оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделірек жаттығулар жасауға әрекеттенеді.
Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |