Сабақтың басы
Сабақтың ортасы:
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (бақбақ)
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)
3. Бұтағы ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
Балалар, бұл өсімдіктер қандай емдік қасиеті бар?
(оқушылар пікірі тыңдалады)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.
ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ.
ОҚУШЫЛАР АЛҒАШ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ БІРІНШІ БАҒАНҒА БІЛЕТІН АҚПАРАТЫН ЖАЗАДЫ. СОСЫН ОҚУЛЫҚТАҒЫ ОҚЫЛЫМ МӘТІНІН ОҚЫП, КЕСТЕНІҢ ҚАЛҒАН БӨЛІГІН ТОЛТЫРАДЫ.
ИНСЕРТ кестесі
Білетін ақпарат
V
|
Жаңа ақпарат
+
|
Мені таңғалдырды
!
|
Көңілімде сұрақ туындайды
?
|
|
|
|
|
ІІ. ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ
Балалар, нұсқаулық деген не?
Оны қалай жазуға болады?
Нұсқаулық -
1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.
2. Жалпы алғанда нұсқау.
3. Жоғарғы басшылықтың бұйрықтары немесе басқа мемлекеттік органның заңнамалық, актінің қолдану тәртібін анықтау және түсіндіру мақсатында шығарылатын заңдық күші бар кұқықтык акт.
Тапсырма. Төмендегі тақырып бойынша шағын нұсқаулық құрастырып жазыңыз.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі- дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы. «Дәрілік шөптердің пайдасы» тақырыбында нұсқаулық жазыңыз.
Дескриптор:
нұсқаулықтың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;
нұсқаулықты тақырыпқа сай жазады.
|