Сабақтың тақырыбы: Дүкенбай Досжан. «Төрт патшаны көрген кейуана» (хикаят) Модуль/пән атауы



Дата14.05.2024
өлшемі66.34 Kb.
#501007
түріСабақ
Кожагали Асель

Кожагали Асель Нурдаулеткызы


Білім беру ұйымының атауы:

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі КМҚК

Сабақтың тақырыбы:

Дүкенбай Досжан. «Төрт патшаны көрген кейуана» (хикаят)

Модуль/пән атауы:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім:

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

Үлгілік оқу бағдарламасының бағыты:

Техникалық-технологиялық

Мақсаты, міндеттері :

Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, негізгі ойды анықтау.

Күтілетін нәтижелер :

1)Көркем шығарманы тыңдайды, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;

Оқыту нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында қолданылатын әдістер


Әдістер

Қолдану мақсаты

Қалыптастырушы дағды

«Графикалық мәтін» әдісі

Тыңдалған мәтіннің мазмұны мен мәтінде айтылған негізгі ойды түсінгендігін саралау үшін қолданылатын әдіс

Жазылымның ішкі дағдысы жинақы мәтін құрастыру (компрессия) дамиды.
Жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау дағдысын дамытады.

«ВЕНН диаграммасы» әдісі

Екі немесе одан да көп нәрсені салыстыруға және контрастауға үйрету. Ол айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ұйымдастыру үшін қолданылады

Білім алушыларда тек пәндік білім, білік, дағдылар ғана емес, сәйкестендіру, салыстыру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ойлау дағдыларының жоғары деңгейінде жинақтау, талдау, бағалау іске асады.
Айтылым дағдысы бойынша интерактивті стратегияларды дамыту дағдысы дамиды.

«ПОПС формуласы» әдісі

Білім алушы өз көзқарасын, ұсынылған проблемаға көзқарасын білдіреді.

Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, қорытынды шығарады. Жазылымның ішкі дағдысы жинақы мәтін құрастыру (компрессия) дамиды. Айтылым дағдысы бойынша интерактивті стратегияларды дамыту дағдысы дамиды.

Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған тапсырмалар


Тапсырма

Күтілетін нәтиже

ТЖ. 2- тапсырма. Берілген тапсырмаларды орындаңыздар.
1-қадам:Бейне жазбаны мұқият қараңыздар, екі туындыдағы негізгі ойды анықтаңыз.

«Негізгі ойды анықтау» нәтижесіне қол жеткізеді.
Мәтінді талдау дағдысы дамиды

2-қадам: «Төрт патшаны көрген кейуана» шығармасымен Ақан Сатаевтың 2018 жылы шыққан «Елбасы жолы» көркем филімі арасындағы тақырып ортақтығын салыстырыңыздар

«Басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау» оқу нәтижесіне қол жеткізеді.
Білімгерлер салыстыру арқылы, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды.
Ақпаратты жүйелейді, жіктейді.

Ж.3-тапсырма. Менің анам «Төрт патшаны көрдім» деп айтып отырушы еді. Егер сіздер, Жәмилә апай уақытында өмір сүрсеңіздер, өз өміріңізді қалай елестетер едіңіздер?

Жағдаят арқылы тақырыптың өзектілігін айқындайды. Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдейді.
Өзіндік көзқарас қалыптастырып, қорытынды шығарады

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма

  • Функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктері:
  • басқарушылық;
  • ақпараттық коммуникативтік;
  • әлеуметтік;
  • тұлғалық;
  • азаматтық;
  • технологиялық
  • Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады:

ЕББҚ ( Аутизм спектрінің бұзылысы бар) білім алушыға арналған тапсырма.

1-тапсырма. Хикаят үзінділерін мұқият тыңдаңыз, хикаят үзінділерінен өзіңізге ұнаған үзінді желісі бойынша сурет салыңыз.

Аутизм спектрі бар балаларды қолдау стартрегиясы

-топтық жұмысқа қатысуын ынталандыру

-көрнекіліктерге көбірек басымдық беру

-үнемі ынталандыру

-бақылау және көмектесу оңай болу үшін оқытушыға жақын отырғызу

-шынайы өмірлік жағдаяттар ұсыну


Жағдаят Мәтін Аспект

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет