Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет, анаға-құрмет»



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі30.71 Kb.
#484638
түріСабақ
  1   2   3
Әкеге-ізет, анаға-құрмет


Тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет, анаға-құрмет»
Сабақтың мақсаты: 

  1. Қоғамда, ұрпақ тәрбиесінде ананың, әкенің ұлтты тәрбиелеуде әлемдегі болашақты жасаудағы жасампаздық ролін кең түрде насихаттау.

  2. Оқушыларды өз ата – анасын құрметтеп, ықласпен қарым – қатынас жасауға үйрету.

  3. Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер жазылған қағаздар, презентация, бейнероликтер, мақал-мәтелдер, плакаттар.


Сабақтың барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, оқушылар! Тақырыпты ашу мақсатында "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
2 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы- қазылған қара кенмен тең".
3 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
4 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
5 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
6 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
7 оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ұлы сөздерді оқып, оқушылар өзара талдайды.
Кіріспе сөз:
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Ата-ана бізге өмір сыйлаған, отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, шыншыл болуды, әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап, бақытты болуға жетелейді. Ата-анаға деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Барлық жақсы игі істердің бастауы, жақсылықтың жаршысы-ана. Анаға деген ыстық сезімді, ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Әке-асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке-ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, қамқоршысы, әрі тәрбиешісі. Әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Бейнеролик:
1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет