Зарядтардың бөлiнуi кез-келген денелердi үйкеген кезде байқалады. Тек қана диэлектриктер емес, сондай-ақ металл өткiзгiштерде де үйкеліс кезінде зарядтардың бөлiнуiн байқаймыз. Онда тәжiрибелерде нелiктен янтарь, шыны, эбонит сияқты диэлектриктер қолданылады? Себебi, тек қана осындай заттарда зарядтар пайда болған жерiнде қалып қояды. Диэлектрик iшiнде зарядтар орын ауыстыра алмайды. Егер металды терiге немесе қағазға үйкеп электрлесек, онда пайда болған заряд сол сәтте зат арқылы қозғалып тәжiрибе жасаушының қолы арқылы денесiне тарайды. Егер осы металл дененi оқшаулағыш тұтқасынан ұстаса, онда пайда болған заряд металл бойында қалып қояды. (Зарядтардың орын ауыстыруы бос электрондардың өзара тебiлуiне байланысты.)
3 . Электрлеу кезiнде денелердiң толық заряды өзгере ме? Тәжiрибе жүргiзейiк. Электрометрдiң металл өзегiне металл диск орнатып, оның үстiне жұқа кенеп мата жабамыз, ал оның үстiне диэлектрик тұтқасы бар екiншi диск қоямыз. Жоғарғы дискнi оқшаулағыш қабатқа айналдыра үйкеп алып қояйық. Сонда бiз электрометр тілшесінің ауытқығанын көремiз. Бұл кенеп пен үйкелген дискiде электр зарядының пайда болғанын көрсетедi.
Тәжiрибенi жалғастырайық. Ендi алып қойған дискiнi екiншi электрометр өзегiне тигiзейiк. Бұл электрометрдiң тілшесіде тура сондай бұрышқа ауытқиды (бiрiншi электрометр сияқты) . Бұдан электрлеу кезiнде екi дискiде модулi жағынан бiрдей заряд алғанын көрсетедi. Осы зарядтардың таңбасы туралы не айтуға болады? Осы сұраққа жауап беру үшiн тәжiрибенi екi электрометрдi металл өткiзгiшпен жалғап аяқтайық. Бiз екi құралдың да тілшелері төмен түскенiн көремiз. Зарядтардың бейтараптануы, олардың модуль жағынан тең, ал таңбалары қарама-қарсы болғанын көрсетедi (сондықтан олардың қосындысы нөлге тең). Осы және басқа да тәжiрибелер, электрлеу кезiнде денелердiң заряды сақталатынын, яғни толық заряд электрленуге дейiн нөлге тең болса, одан кейiн де нөлге тең болады.
Ө лшемдері өзара әрекеттесетін денелердің ара қашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.