Сабақтың тақырыбы: Электростатика тарауын қайталау



бет3/4
Дата11.12.2022
өлшемі83.5 Kb.
#467043
түріСабақ
1   2   3   4
iu89io

5.Шарль Огюстен Кулон электр және магнитизмге арналған еңбектері және үйкеліс күшіне қатысты зерттеулері арқылы аты шыққан француз ғалымы. ХҮIII ғасырдың екінші жартысында дененің электрлік қасиетін сандық жағынан зерттеу басталды. 1785 жылы Ш.Кулон тәжірибе жүзінде электростатиканың негізгі заңын - нүктелік эарядтардың өзара әрекеттесу заңын тағайындады. Сондықтан бүл заң оның атымен аталады. Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерумен қатар Кулон ұзын магниттердің полюстерінің арасындағы өзара әсерлерді зерттеді.
6.Роберт Милликен - американ физигі. Колумбия университетінің докторлық дәрежесін алған. Жоғары дәлділікті керек ететін тәжірибелер жасай отырып, Милликен электронның зарядын өлшеген. Ол майдың ұсақ тамшыларын бақылай отырып, олар зарядты тек белгілі үлестермен алатынын не жоғалтатынын тағайындаған. Электр зарядына дискреттік қасиет тән, яғни ол белгілі бір минимальді шекті мәнге дейін бөліне алады. Ол шекті мәнді элементар заряд деп атайды да, е әрпімен белгілейді, сандық мәні е=1,6·10-19Кл. Милликен өз тәжірибесін 1909 жылдан бастап бірнеше жыл жүргізді. Бұл өлшеулерді орыс физигі Иоффе де қайталап, Милликеннің нәтижесін растайтын мәліметтер алды.
III.Есептеу орталығы.
1.Керосинде 1,2 нКл заряд 6 мм қашықтықтан өзіне 200 мкН күшпен екінші зарядты тартады. Екінші зарядтың шамасын анықта. Керосиннің диэлектрлік өтімділігі 2-тең.
2.Бір-бірінен қалыңдығы 1 см болатын слюда қабаты арқылы бөлінген әрқайсысы 40 нКл екі заряд 18 мН күшпен әрекеттеседі. Слюданың диэлектрлік өтімділігін анықта.
3.Ауада бір-бірінен 40 см қашықтықта орналасқан екі заряд 12,5 мН күшпен әрекеттеседі. Зарядтың бірі екіншісінен 4 есе артық. Әр зарядтың шамасын анықта.
4. Ауада тұрған сыйымдылығы 4,5 пФ болатын металл шар 180 нКл заряд алған. Шардың радиусы мен потенциалын анықта.
ІҮ.Ойлы орталық.

  1. Электр зарядының сақталу заңы.

  2. Кулон заңын тұжырымдау.

  3. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

  4. Суперпозиция қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет