Сабақтың тақырыбы: Электростатика тарауын қайталау



бет2/4
Дата11.12.2022
өлшемі83.5 Kb.
#467043
түріСабақ
1   2   3   4
iu89io

2.Уильям Гильберт. Ерте дүниеде және орта ғасырларда янтарьдың үйкеліс кезінде өзіне басқа заттарды тартатын жұмбақ сырын түсіндіруге талпыныс жасалды. Бірақ олар дерексіз сипатта болды да, оң нәтиже бермеді. Электрлік құбылыстарды тек эксперименттік зерттеу басталғанда ғана нақты түсіндірудің мүмкіндігі пайда болды. Уильям Гильберт 1544 жылы 24-мамырда ағылшынның Колчестер қаласында дүниеге келді. Мамандығы дәрігер болғанымен ол магнит және электр жөнінде тұңғыш кітап жазған ғалым ретінде аты тарихта қалды.
«Электр» сөзі Гильберттің «Магнит туралы» еңбегінде былайша түсіндіріледі. «Электрлік дене деп янтарь тәрізді өзіне тартатындарды» айтамыз. 1600 жылы Гильберт тәжірибе арқылы тек янтарь ғана емес, алмас, шыны, күкірт, ас тұзы және басқа да бірқатар заттар үйкеліс кезінде жеңіл заттарды өзіне тартатынын, яғни электрленетінін тағайындады.
3.Айтарлықтай оқиғаның бірі 1745 жылы Лейденде өтті. Голланд физигі Питер Ван Мушенбрук шәкірті Богач Кюнеус алақанына ұстаған шыны колбадағы суды Герике машинасының көмегімен–электрмен зарядтағысы келеді. Зарядталу машинаға жалғастырылған шынжыр көмегімен орындалады. Шынжыр колбадағы суға батырылады. Зарядтау аяқталды деп ойлаған Кюнеус ыдыстан шынжырды қолымен суырып алмақшы болады. Осы кезде ол аса қуатты электр соққысына ұшырайды. Кейіннен даңққа бөленген «лейден банкасы»-тұңғыш конденсатор осылай ашылды.
4.Бенджамин Франклин ұсақ қолөнер шеберінің 15-ші баласы болған ол - 1706 жылы Бостонда туып, 84 жыл ғұмырының бар болғаны жеті жылында ғана физикамен шұғылданды. Франклин ғылымға оң және теріс зарядтар ұғымын енгізді. Біз кейде «батарея», «конденсатор», «өткізгіш», «заряд», «айыру», «орам» сияқты сөздерді қолданғанда осы заттарға алғашқы атты Франклин қойғанын ескере бермейміз. Электростатикалық теория Франклинге аты шулы жаңалықты ашуға көмектесті. Ол бірінші болып күннің күркіреуінен пайда болған найзағай мен Лейден банкасынан алынған ұшқынның әр түрлі өлшемдегі бір құбылыс екенін ашты. Найзағайдың электрлік қасиеті белгілі болғаннан кейін Франклин өз өмірінде ең үлкен жаңалық – найзағай тартқышты ойлап тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет