Ұйымдастыру кезеңі.
«Пазл» әдісі бойынша топтарға бөлу(қиындыны қосу арқылы)
Қажетті сөздер: Сауда- саттық,білім бері, қаржы- несие , денсаулық және спорт
Алдыңғы білімге оралу.Әр топқа «Эксреесс сұрақтар» беріледі
1.Көліктің негізгі түрлерін атап шығыңдар?
2. Көлік жолдары жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіші қандай?
3. Көлік желісінің жолаушылар және жүк айналымын қалай анықтайды?
4. Дүниежүзілік жүк айналымында, теңіз көлігі не себепті жетекші орында?
5. Қазақстандағы жетекші көлік түрі? Не себепті жетекші орында?
6. Инфрақұрылым дегеніміз не?
7.Көлік жүйесі дегеніміз не?
Жаңа тақырыпқа байланысты түрлі мамандықтар бейнеленген бейнеролик көрсетіледі. Осы мамандықтардың ішінен сен қандай мамандық таңдар едің,немесе сен қай мамандық иесі болғың келеді?
Оқушылар таңдаған мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталады.
Сұрақ:
Сен бұл мамандықты неге таңдадың ?Бұл мамандықтың басқа мамандықтардан қандай ерекшелігімен жақсы көресің?
Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты халыққа қызмет көрсету салалары, яғни сабақтың тақырыбы «Әлеуметтік инфрақұрылым».
|
|