Ойын алгоритмі. «Әлеуметтік инфрақұрылым» тақырыбын барлық топ өз бетінше оқып, топта талқылайды. Тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. Топтан 1 өкіл шығып сағат тілінің бағытымен басқа топтарға барып сұрағын қояды. Топ мүшелері сұрақтарға жауап беріп өздеріне жұлдызша жинайды.
ҚБ Жұлдызша арқылы
ІІ.(Жж) «Сәйкестендіру » Жұптық жұмыс үшін тапсырма
1 Берілген әлеуметтік инфрақұрылым элементтерінің тұсына анықтамаларын тауып ретімен орналастырып, қағазға жапсырыңыз.
1.Сауда – халық тұтынатын тауарларды сатады. Сауда жұмысының
негізгі көрсеткіші-оның көлемі (сауда айналымы) және құрылымы.
2. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары (шаштараз, киім жуу,
химиялық тазалау, техниканы, аяқ-киімді, киім-кешекті жөндеу және,
т.б.) көбінесе қалаларда орналасқан.
3. Денсаулық сақтау саласы – әртүрлі аурулардың алдын алу немесе
емдеуде басты рөлді атқарады. Негізгі орталықтары Алматы, Астана,
Қарағанды және Семей қалаларында орналасқан.
4. Білім беру саласы – әлеуметтік салалардың арасындағы адам саны
ең көп сала.
5. Халықтың демалысын ұйымдастыру саласы – адамдардың (туристер)
немесе ұйымдардың( турагенттіктер, қонақ үйлер) іс-әрекеті. Демалыс-
денсаулықты қалпына келтіру рекреациясына бағытталған.
Кері байланыс
Тапсырма қиындылары(тапсырмалар,карточка) таратылады. Мәтінді пайдалана отырып, дәптерлеріне сұрақтарға жауап жазады. Тапсырмалар жауаптары сыныптарға оқылады. Мұғалім «өте жақсы», «жақсы», «жауапты толықтыру қажет» сөздерімен бағалап отырады.
ІІІ.(Т)Жоба қорғау. 1 тапсырма.Білім алушылар Қазақстанның рекреациялық аймақтарын анықтайды,сипаттама жасайды,маңызына баға береді,постаер қорғайды.
2 тапсырма.Қазақстандағы рекреациялық аймақтарды кескін картаға түсіреді.
1топ . Шығыс Қазақстанның рекреациялық аймақтары
2топ Оңтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары
3топ Батыс Қазақстанның рекреациялық аймақтары
4топ Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймағы
Кейбірі:Осы Рекреациялық аймақтарды қандай мақсатта қолдануға болатынын және қазіргі кезеңдегі мәселелерді шешу үшін ұсыныс айтады.
Жоба топтық қорғауы мен бағалау жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |