Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Шаттық шеңберге тұрып: «Мен тазалықты сүйемін» әнін орындайды. Өлеңді бірге айтып, қимылмен көрсетеді.
Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
Таңертең тісіңді тазалап,беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
Ұқыпты да жарасымды киінетін бол; Киімің таза және үтіктелген болсын;
Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
«Ыстық алақан»
Оқушылар бір -біріне жақсы тілектер айтады.
|
Компьютер
|